From Wikipedia, the free encyclopedia
Бірыңғай салалы бұлшықет (гладкая мышца); (musculus visceralis; лат. musculus — бұлшық ет, viscera — ішкі) — ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бұлшықет.
Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас бірыңғай салалы ет ұлпасының жасушалары —миоциттер құрайды. Миоциттер бір-бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып, ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті қабықтары мен қабаттарын түзеді.
Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады. Оның паренхимасын миоциттер, ал стромасын — дәнекер ұлпалы аралықтар құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет — эмбриондық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі. Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі жүйкелендіреді. Сондықтан, бірыңғай салалы бұлшықет — автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.