From Wikipedia, the free encyclopedia
«Боруссия» Менхенгладбах — Германия футбол клубы, Менхенгладбах қаласынан. Германияның бес дүркін чемпионы. Атауы әйгілі "Пруссия" сөзінен шыққан.
Боруссия | ||||
Толық атауы |
Borussia Verein für Leibesübungen 190 | |||
---|---|---|---|---|
Құрылған жылы |
1890 | |||
Стадионы |
Боруссия Парк | |||
Сыйымдылығы |
54 000 | |||
Президенті |
Рольф Кенигз (Германия) | |||
Бас жаттықтырушы | ||||
Капитаны | ||||
Рейтингі |
УЕФА коэффицент кстесінде 59-ші[1] | |||
Жарыс | ||||
2021/22 |
10 орын | |||
Формасы | ||||
| ||||
Бундеслига 2017/18 | ||||
Команданың құрылғанына бір ғасырдан асты. Алғашқы табысына 1912 жылы қол жеткізді. А класында жеңіске жетіп, елдегі ең жоғары дивизионда ойнауға жолдама алды. Ол кезде жоғары дивизион Нидеррайн Фербандслигасы деп аталатын.
Команда 1919 жылы "Германия-1889" клубымен біріктірілді. Атауы сол себепті "ВФТуР 1889 М Гладбах" боп өзгерді. Көп ұзамай "Боруссия" М қайтадан бөлінді.
Команда өзінің алтын дәуірін 1970 жылдары бастан өткерді. 1964-75 жж аралығында клубты Хеннес Вайсслер жаттықтырып, елдегі белді клуб - "Баварияға" басты бәсекелес бола алды. 1969/70, 1970/71, 1974/75 жылдары Германияның чемпионы атана алғаны осыған дәлел. Вайсслерден соң команданың тізгінін Удо Латтек ұстап, 1975/75, 1976/77 жылдары "Боруссия" қатарынан екі маусым Германия чемпионатында топ жарды. 1977 жылы Чемпиондар Кубогының финалына шығып, Англияның "Ливерпуль" клубынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ал, 1975, 1979 жылдары УЕФА кубогын жеңіп алды.
Содан кейін команда бұлай дәуірлей алмады. Тек 1995 жылы Германия кубогын жеңіп алды. Ал, 2016/17 маусымында Германия чемпионатында тоғызыншы орында қалды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.