From Wikipedia, the free encyclopedia
Битум (лат. bitumen — тау шайыры) — жер қойнауында қатты, тұтқыр сұйық және пластикалық күйде жататын көмірсутектік шикізат.[1]
Битум жоғары молекулалық көмірсутектер мен гетероатомдық (оттекті, күкіртті, азотты, т.б.) қосылыстардан тұрады. Генетикалық тұрғыдан битумға мұнай, табиғи жанғыш газдар, газ конденсаттары, сондай-ақ, мұнайдың табиғи туындылары (мальталар, асфальттар, асфальтиттер, кериттер, гумино-кериттер, озокериттер, антраксолиттер) және олардың аналогтары (нафтоидтар) жатады.
Битум Таяу Шығыста битум з-дан 3000 ж. бұрын байланыстырғыш, құрылыс материалы ретінде және бальзамдау (Ежелгі Мысырда) үшін пайдаланылған. 15 ғ-да Перуде инктар битумды қолданып жол салған. Битумның тығыздығы 0,96 — 1,5 г/см3, 35oС-тан жоғары температурада жұмсара бастайды. Битум құрылыста (автомобильдың жол төсемі, рубероид, т.б.), электр өнеркәсібінде (оқшаулауыш, тотығуға қарсы жабынды), медицинада кеңінен қолданылады. Битумның дүниежүзінді өндірісі жылына 120 млн. т-дан асады (1996).[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.