Бернд Шторк (нем. Bernd Storck; 1963 жылы 25 қаңтарда туған[1]) – бұрынғы неміс футболшысы, қорғаушы, 2009-2010 жылдардағы Қазақстан құрамасының бапкері.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Бернд Шторк |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
25 қаңтар 1963 (1963-01-25) (61 жас)
|
---|
Туған жері |
Херне,ГФР
|
---|
Азаматтығы |
Германия
|
---|
Бойы |
182
|
---|
Позиция |
қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Мускрон-Перювельз
|
---|
Қызметі |
бас бапкер
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
2008 жылдың маусымынан «Алматы» және Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.
2008 жылдың қазан айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы болып, 2009 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан құрамасының бас бапкері болады. 2010 жылы Шторк Қазақстан құрама командасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі бастапқы төрт матчта жеңіліс тапқаннан кейін, отставкаға шығады. 2011 жылдың ақпан айында Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болып бір жылға тағайындалады.
2015 жылы 20 шілдеде Мажарстан құрамасының бас жаттықтырушысы боп тағайындалды. Оның бапкерлігімен құрама 1972 жылдан бері бірінші рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуіндегі сәтсіздіктен соң ол қызметтен босады.