Солтоноев, Белек Солтонкелди уулу (23 ақпан, 1878, Экинчи айылы, Жантай Чоң-Кеме уезі, Чоң-Кеме аңғары - 1938) - КСРО және қырғыз тарихшысы, КСРО және қырғыз ақыны, ағартушысы.
Өмірбаяны
- Қарақол орыс-түзем мектебінде оқыған.
- Пішпекте қырғыздарға арналған бағбандық мектебінде оқыған.
- 1916 жылы Әтеке болысының болыс басқарушысы болып сайланды.
- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, басқа көтерілісшілермен бірге Қытай асып кетеді.
- 1917 жылы елге қайтып келеді.
- Жетісуда кеңес өкіметін орнатуға қатысқан.
- 1920-24 жылдары солтүстік Қырғызстанда оқу-ағарту жұмысымен айналысқан.
- 1924 жылы қырғыз босқындарының істерімен Шығыс Түркістанда (Құлжа) болып қайтқан.
- 1927-37 жылдары Қырғыз АКСР Халкомсовының ғылыми қызметкері.
- 1937 жылы жазықсыз қамауға алынып, 1938 жылы атуға үкімделді.
- 1955 жылы ақталды.
Ғылыми еңбектері
Шежіре деректері мен еуропалық әдебиет материалдарының негізінде қырғыз халқының тарихы бойынша еңбек жазуға тырысты.
- Оның «Кызыл кыргыз тарыхы» (басқаша атауы - «Кыргыз-казак тарыхы») деген қырғыз тілінде араб графикасымен жазылған бірегей еңбегі Кенеш Жусуповтың арқасында ғылыми айналымға енгізілді, кейін екі том болып басылып шықты (Бишкек, «Учкун», 1993).[1][2][3]
Дереккөздер
Урстанбеков Б.У., Чороев Т.К. Кыргыз тарыхы: Кыскача энциклопедиялык сөздүк: Мектеп окуучулары үчүн. – Фрунзе: Кыргыз Совет Энциклопедиясынын Башкы Редакциясы, 1990. - 113 б. ISBN 5-89750-028-2
Кыргыз Совет Энциклопедиясы: 6 томдук/ Башкы редактор Орузбаева Б. Ө./ - Фрунзе: Кыргыз Совет Энциклопедиясынын башкы редакциясы, 1977-1980. - Том 1-6.
Асанов У.А., Джуманазарова А.З., Чоротегин Т.К. Кыргызская наука в лицах: Краткий исторический и био-библиографический свод / Отв. ред. У.А.Асанов. - Бишкек: Центр госязыка и энциклопедии, 2002. - 544 стр., илл., карты. (ISBN 5-89750-142-4) )U.A.Asanov, A.Z.Jumanazarova, T.Chorotegin. Kyrgyzskaia nauka v litsah: Kratkiy istoricheskiy I bio- bibliograficheskiy svod / Otv. Red. U.A.Asanov. – Bishkek: Tsentr gosyazyka I entsiklopedii. 2002. – 544 pages, ill., map. (ISBN 5-89750-142-4))