From Wikipedia, the free encyclopedia
Бекі қорымы (17–20 ғасырлардың басы) — Маңғыстау облысындағы Шетпе кентінен батысқа қарай 4 км жерде 120–80 м аумақты алып жатқан қорым. Құрамында күмбезді 3 көрхана, көрнекті 12 сағанатам, 2 сандықтас және 100-ден астам алуан түрлі шағын құлпытас, қойтас, үштас, төрттас, бестас, құлпытастардың басқа да дәстүрлі типтері бар. Қорымның орталығына орналасқан 2 күмбезді көрхананың (19–20 ғасырлар), 2 күмбезді сағанатамның (20 ғасыр) архитектуралық-көркемдік маңызы зор. Әктас плиталары мен блоктарынан дәстүрлі тәсілдерді қолдана отырып, ерекше пропорциямен өте сапалы қаланған. Сонысымен де бұл ескерткіштер құрылыс ансамблінде оқшау көрінеді. Бірінші көрхананың тік бұрышты негізгі көлем аумағының төбесі сүмбіленіп, дулыға тәрізді қырлы күмбезбен біткен. Оның қабырғалары шолпы іспетті сәнді әшекейлермен безендірілген. Сондықтан да басқа көрханалардан нәзік те салтанатты. Екінші көрхана басқаша салынған: тікбұрышты көлемінің үстіне биік барабан (мойындық) орнатылған; Оңтүстік-батыс Азияның діни құрылыстары — сұбырғандар пішіндес бітімі күрделі, сатыланған шатырлы күмбезбен көмкерілген. Күмбезді көрханалар, сағанатамдар мен шағын құлпытастар жергілікті дәстүр бойынша және белгілі бір техникалық нұсқалармен ойылып, соңынан табиғи бояулармен өрнектелген. Ою-өрнектердің нұсқасы көгеріс өрнек мотивіне, зооморфтық, геометриялық, космологиялық, тұрмыстық, т.б. тақырыптарға құрылған.[1] [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.