Бауыржан Торғайбекұлы Жанақов (5 желтоқсан, 1948 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңатұрмыс ауылы) - Зайсан ауданының әкімі (1998 - 2004), Қарғалы ауданының әкімі (2006-2007), 2007 жылдың наурызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі.
- Целиноград педагогикалық институтын (1971) физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша;
- Алматы зооветеринарлық институтын (1985) зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
- 1971 жылдан -Торғай облысы Тасты ОМ оқытушысы,
- 1972 жылдан - оқу жөніндегі меңгерушісі.
- 1974 жылдан - Торғай облысы А.С. Макаренко атындағы ОМ директоры.
- 1977 жылдан - Торғай облысы] Родинский ОМ директоры.
- 1979 жылдан - Торғай кеңшар-техникумы бастауыш партия ұйымының хатшысы.
- 1984 жылдан - «Қайыңды» кеңшарының директоры (Торғай облысы Арқалық ауданының Шилі ауылы).
- 1986 жылдан - Торғай облысы Арқалық ААӨБ төрағасы.
- 1989 жылдан - Торғай кеңшар-техникумының директоры.
- 1993 жылдан - Семей облыстық әкімшілігінің ұйымдастыру жұмысы және жергілікті әкімшіліктер істері жөніндегі бөлімінің кеңес берушісі.
- 1994 жылдан - Жаңасемей аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы (Семей қаласы).
- 1995 жылдан - Жаңасемей аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары (Семей қаласы).
- 1996 жылдан - Семей облысы Жаңасемей ауданы әкімінің м.а., Семей қаласының әкімі аппаратының ауыл шаруашылығын реформалау бөлімінің меңгерушісі.
- 1997 жылдан - «Еламан» шаруа қожалығының атқарушы директоры (Семей қаласы).
- 1998 - 2004 жылдары - ШҚО Зайсан ауданының әкімі.
- 2006 жылдан - Ақмола облысы Есіл ауданының Свободное ауылындағы тәжірибе стансасының директоры;
- 2006 жылдан - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі.
- 2007 жылдың наурызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі.
- «Құрмет белгісі» (1981) ордені
- «Құрмет» (2008) ордені
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі
- «Тыңға 50 жыл]» (2004) медалі
- ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыстардың ардагерлері одағының «Ерекше сіңірген еңбегі үшін» (2008) медалі
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалі
- «1976 жылдың социалистік жарыс жеңімпазы» (1977) төсбелгісі
- БЛКЖО ОК «Еңбек даңқы» (1991) төсбелгісі
- 2-ші дәрежелі «Шекара әскерлерінің үздігі» төссбелгісі
- Әкесі - Жанақов Торғайбек, марқұм, ұжымшар жұмысшысы болған. Анасы - Дүйсенова Майра, марқұм, бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.
- Үйленген. Жұбайы - Әбішева Бижамал Баталқызы (1950 жылы туған), зейнеткер.
- Қызы - Жанақова Айнұр Бауыржанқызы (1977 жылы туған);
- Ұлы - Жанақов Ердос Бауыржанүлы (1978 жылы туған).[1]