From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Infobox disease
Бас ауыру — әр түрлі себептерден болатын ауырсыну сезімі. Қан айналу жүйесінің қызметі бұзылғанда (гипертониялық аурулар, гипотония, бас сақинасы — мигрень) миға қан біркелкі келмейді де, бас сырқырап, солқылдап және тырысып ауырады. Басы ауырып отырған адамның мазасы кетеді, мойын бұлшық еттері құрысады. Маңдай, самай, төбе аймақтарынан ауру сезімі үшкіл нервтер, ал шүйдеден — кезбе, тіл-жұтқыншақ нервтері және мойын өрімдері арқылы беріледі. Бас ауыру белгісінің күші ми бөлігінің қызметтеріне, әр адамның табиғи жаратылысына, атап айтқанда, ауру сезімін қабылдау деңгейіне де байланысты болады. Бас ауыру жұқпалы аурулардан, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы, алысты көре алмау, отит, т.б.), уланудан, жүйке сырқаттарынан, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналин, гистамин, т.б.) заттардың шамадан тыс көбейіп кетуінен де болады. Бас ауырудың көп кездесетін белгісінің бірі — бас айналу. Ол қалыпты жағдайда да, мысалы, әйелдердің жүкті кезінде, лифтімен тез көтерілгенде, биіктен төмен қарағанда, жылдам қозғалған нәрсені бақылағанда, т.б. байқалады. Бас ауырудың себебін дәл анықтау үшін лабораториялық әдістер пайдаланылады (мысалы, бас, мойын сүйектерін рентгенге түсіру; қанын, зәрін талдаудан өткізу). Ауру анықталмаған жағдайда, жұлын-ми жолын инемен тесіп, алынған сұйықты биохимиялық талдаудан өткізеді; қысқаша Биопсия. [1] [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.