From Wikipedia, the free encyclopedia
Малқарлар (қараш.-малқ. малкъарлыла, таулула) — ұлт, Солтүстік Қавказда тұратын түркі тілдес халқы, қарашайларға жақын. Малка, Бақсан, Чегем және Черек өзендерінің аңғарларының бойындағы шатқалдар мен тау бөктерлерін алып жатыр. Жалпы саны шамамен 125 мың адам.[1]
Малқарлар | ||||||
малкъарлыла, таулула | ||||||
| ||||||
Бүкіл халықтың саны | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
135 000 | ||||||
Ең көп таралған аймақтар | ||||||
Ресей |
125 044 | |||||
Қазақстан |
2 300 | |||||
Қырғызстан |
1 900 | |||||
Өзбекстан |
800 | |||||
Тілдері | ||||||
Діні | ||||||
Малқарлардың атауы ежелгі бұлғарлардың атауына сәйкес. Алғашқыда малқарлар армян деректерінде кездеседі. 10 ғасырында араб ғалымы Ибн Русхэ таулы астар туралы жазып отыр. Бұл таулы астар малқарларға сәйкес, өйткені малқарлар өздері өзін таулу(қазақша таулы деген мағынасында) деп атайды, астар ше бұлғарлардың да, малқарлардың да ата-бабалары.
Осетиндер мен суандар малқарларды ас атаса, қабарда шеркештері балкар дейді. Қарашайларды ше алан деп атайды. Қарашайлар мен малқарлар бір-бірін алан деп атайды. Осылайша, малқарлар — астардың (ежелгі таулы бұлғарлардың) және аландардың ұрпақтары делінеді. Қарашай мен малқар негізінде бір халық еді, бірақ 11 — 15 ғасырларында бір-бірінен алыстап кетті.
1395—1396 жылдарында малқарлар мен қарашайлар Әмір Темірдің әскерімен қанды соғысын жүргізеді. Әмір Темірдің әскерлері өз жауларын астар деп атаған.
1404 жылында архиепископ Иоан Галонифонтибус және 1643 жылында Арканджелло Ламберти малқарларды қарашеркеш деп атаған.
Осылайша, малқарларды — ас, ас-алан, таулу ас, қарашеркеш, балкар деп атаған. Олар өздерін ше таулу немесе малкъар деп атаған.[2]
Балқарлар европеоид нәсілінің кавказдық түріне жатады.
Сырттай олар аймақтағы көршілері осетиндерге, шешендерге немесе ингуштарға ұқсайды. Бұл адамдар:
Жастар, әсіресе қыздар, өте тартымды. Қалың кірпіктермен қоршалған үлкен көздері және айқын доғалы қастар бетті мәнерлеп және көз тартады. Қоңыр түсі қара қалың шаштар жиі кездеседі. Дегенмен, балқарлар арасында, сондай-ақ басқа кавказдықтар сияқты қызғылт, ашық қоңыр шашты және сұр-көк көздері бар адамдар жиі кездеседі. Сондай-ақ көк көзді аққұбалар бар.[3]
Еуропалық расаның балқан-кавказ нәсіліне кіреді, қарашай-балқарлар түркі тілдерінің қыпшақ тобы тілінде сөйлейді. Жазуы — орыс графикасы. Кейде балқар тілін қарашай тіліне қосып, қарашай-балқар тілі деп те атайды. Бірақ бұл екеуінің дыбыс, грамматика жүйесінде біраз айырмашылықтар бар. Балқар тілінің жазуы кейін дамыған. 1924 ж. балқар латын, 1939 ж. кириллицаны қабылдады.
1926 жылдан 1937 жылға дейінгі жазуы латын негізінде болған. Алғашқы балқар әліпбесінің авторы - Магомед Әлиұлы Энеев. Ол 1924 жылы орыс графикалық негізінде жарық көрді.
Малқар әліпбиі:
Аа Бб Вв Гг Гъгъ Дд Дждж Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк Къкъ Лл Мм Нн Нгнг Нънъ Оо Пп Рр Сс[4]
Малқарлар - ханафи ағымындағы сүнниттік мұсылмандар. Исламға дейін 6-7 ғасырларда Византия мен Грузиядан малқарлардың ата-бабаларына христиандық енген. Балқарларға исламды енгізу әрекеттері 14 ғасырдан бері Алтын Ордадан жасалған. Алғашында исламды ақсүйектер қабылдап, кейіннен оған тәуелді халықты жаңа дінге көшірді. 18 ғасырдың аяғында малқарлар арасында ислам діні түпкілікті орнады.
Малқарлардың сенімдері синкретикалық болып табылады. Монотеизмге дейінгі нанымдарда екі қабаты айқын ерекшеленеді:
19-шы және 20-ғасырдың басында бұл идеялар малқарлар арасында болып, бірте-бірте ислам дінімен алмастырылды.
1980 жылдардың аяғынан бастап діни өмірде жандану байқалды: Солтүстік Кавказдың ислам орталықтарында мешіттер салынуда, діни қызметкерлер дайындалуда. Халық арасында ислам дініне деген қызығушылық артып, діни рәсімдерді, әсіресе, ораза мен намазды орындайтындар саны артып келеді. Кейбір ежелгі нанымдар, негізінен сиқырға сену сақталған.[5]
2010 жылғы санақ бойынша Қабарда-Балқарияда 108 577 балқар тұрады. Көрші Қарашай-Шеркесияда (418) және Ставрополь өлкесінде (883), Мәскеуде 666 адам тұрады. 2020 жылғы халық санағы бойынша – 125 044 адам болды.
Бұл халықтың өкілдерін Ресейден басқа Қазақстан (2300), Қырғызстан(1900) және Өзбекстанда (800) кездестіруге болады. Олардың ұрпақтары 1944 жылғы жер аудару кезінде сонда қалды. Малқарлардың бір бөлігі XIX ғасырда Түркияға мұхажир қозғалысы кезінде Ресейді тастап кеткен. Сол жерден олар Америка мен Еуропаға қоныстанды. Қазір олардың 3-5 мың ұрпақтары АҚШ-та тұрады.[6]
Малқарлардың қалыптасуына үш негізгі этникалық компонент қатысты: ең көне — Кавказ тілінде сөйлейтін халық, IV—V ғасырларда Орталық Кавказдың таулы белдеуінде пайда болған иран тілінде сөйлейтін аландар және түркітілдес тайпалар және XIII ғасырда Кавказ тауларында қоныстанған және Алан-осетиндермен ассимилацияланған қыпшақтар. Барлық малқар ауылдарының тұрғындары көрші халықтармен (қабардин, сван, қарашай, грузин-рачин) тығыз байланыста болды. XVII ғасырдың ортасында орыстардың Малқариямен тікелей байланысы орнатылды, ол арқылы Батыс Грузияға елшілік жолдардың бірі өтті.
1827 жылы балқар қоғамдары Ресей империясының құрамына енді. XIX-ғасырдың 60-70-жылдары шаруалар реформасы барысында жері жоқ кейбір балқарлар жазыққа қоныстанды. Көші-қонға қарамастан, XIX ғасырдың аяғында кейбір балқарлар жер тапшылығынан зардап шекті. 1917 ж. ақпан және қазан төңкерістерінен кейінгі билігі қолдан-қолға өтіп, соңынан кеңес өкіметі орнады. 1921 ж. Қабарда мен Малқария округі Таулық АКСР құрамына енді. 1921 ж. РКФСР құрамына Қабарда автономия округін құру туралы декрет шықты. 1922 ж. БОАК қаулысы бойынша Балқария округі Таулық АКСР-інен бөлініп, Қабардамен біріктіріліп, Қабарда-Малқар автономиялы округі болып құрылды. 1936 жылы Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды. 1944 жылы балқарлар Орта Азия мен Қазақстан аймақтарына күштеп жер аударылды. 1957 жылы Кабардин-Малқар АКСР қалпына келтіріліп, малқарлар атамекеніне оралды. 1991 жылы Қабарда-Балқария Республикасы жарияланды.[7]
Дәстүрлі шаруашылығы — отарлап мал бағу, суармалы-террасты егіншілік, аңшылық, жүн иіру, шұға тоқу. Металл, тері, ағаш өңдеумен де айналысады. Балқарлардың едәуір бөлігі өнеркәсіпте жұмыс істейді. Қарапайым халық төбесі жалпақ тас сакляларда, ауқаттылар қонақ бөлмелері үлкен, мұнаралары бар үйлерде тұрады. Соңғы дәуірде ауыл шаруашылығын механикаландыруға байланысты бау-бақша, бағбаншылық, өнеркәсіп, тау-кен ісі дамыды.[8]
Балкарияның құрамына бірнеше ауылдық қоғамдар кірді. Халық жиналысының (тере), патронимдік ұйымның рөлі зор болды. Билеушілер таубия деп, еркін қауымдар — қаракиштер, тәуелді шаруалар — шағарлар деп аталды, әскери тұтқындардың үй құлдығы болды. Отбасы негізінен кішкентай, неке экзогамды. Мүліктік шектеулер міндетті түрде сақталды. Отбасылық өмірде патриархалдық дәстүрлер, әртүрлі тыйымдар-болдырмау әдет-ғұрыптары кең таралған.[9]
Малқарлардың қоныстары таулы ландшафтқа байланысты ерекше сипаттамаларға ие. Олар жаудың шабуылынан қорғану үшін жету қиын жерлерге орналастырылды. Адамдар тау беткейлеріне, шатқалдардың шетіне, өзендердің маңына қоныстанған. Қорғаныс мақсатында бірегей мұнаралар тұрғызылды. Кейде малқарлар жазық жерлерге қоныстанды. Тұрғын үйлер ретсіз орналастырылды, ауылдар террассаларға ұқсайды, онда үйлер бірінің үстіне бірі орналасқан. Тар, қисық көшелер жиі соқпақтарға ұқсайды.
Таулы жердегі мекендері тастан салынған, бір қабатты, төртбұрышты үйлер, Бақсан мен Чегем шатқалдарында төбесі топырақпен жабылған ағаш қаңқалы үйлер тұрғызды. 19 ғасырдың аяғына дейін малқарлар үйінің жатын бөлмесі екіге бөлінді: әйел және еркек. Сонымен қатар, коммуналдық бөлмелер, кейде қонақ бөлмесі болды. 2-3 бөлмелі қонақ бөлмесі бар үйлер 19 ғасырдың аяғында ауқатты отбасылар арасында пайда болды. 20 ғасырда едені және төбесі ағаштан жасалған екі қабатты көп бөлмелі үйлер кең тарады. Ертеде малқарлардың үйі ашық ошақпен жылытылды.[10]
Малқарлардың ұлттық киімі Кавказ халықтарының өкілдеріне тән. Ерлер киімі келесі бөліктерден тұрады: көйлек, кең шалбар, бешмет (кафтан), етік, басына қойдың қаракөл жүнінен жасаған папаха киген. Бешметке қанжар қынап салынған белбеу байланады. Қыста ерлер қаракөл тон және бурка киді.
Әйелдердің ұлттық киімі кең шалбар мен туника тәрізді жеңі ұзын көйлектен тұрады. Бұл костюмнің үстіне олар тар кафтан (немесе көкірекше) киді. Көкірекше алтын өріммен кестеленген. Көйлектің етегі әдемі жиырылып жиналған. Белі күміс элементтермен безендірілген белдікке оралған. Көйлектер әшекейлермен әсем безендірілген. Бас киімі ер адамның бас киіміне ұқсайды. Оның пішіні цилиндрлік, үстіне ұзын шілтер немесе жібек шарф ораған.[11]
Ежелгі заманнан бері малқарлардың негізгі кәсібі егіншілік пен мал шаруашылығы болғандықтан, бұл ұлттық тағамдардың ерекшеліктеріне әсер етіп, олардың ішінде қой етінен, сиырдан және құс етінен жасалған ет тағамдары ерекше орын алды. Ұн, сүт, жарма, тәтті тағамдар да тұтынылды. Көкөністер салыстырмалы түрде сирек қолданылады, негізінен картоп, бұршақ, пияз және сарымсақ. Тағамдар әртүрлі дәмдеуіштердің үлкен санымен дайындалады - кептірілген ұнтақталған тимьян, қызыл және қара бұрыш. Нанды негізінде жүгері ұннан пісірілген (этмек гырджин). Хычин деген шелпектерді пісірілген. Кәуаптардың бірнеше түрі бар. Ең танымал тағамдар - қуырылған, бұқтырылған және қайнатылған ет және құс еті. Қайнатылған ет тағамдары әрқашан тұзды ерітіндімен беріледі - айранмен немесе сорпамен сұйылтылған ұсақталған сарымсақтан жасалған соус. Басқа соустардың көпшілігі қаймақ соустарын жасау үшін қолданылады. Ежелден бері бидай нанының орнына паста - қатты бидай ботқасын қолданған. Ешкі немесе қой сүтінен ірімшік жасаған. Арпадан сыра пісірілген. Сусындары — сүт, айран.[12]
Балқар фольклорында ежелгі қаһармандық эпостың көрнекті рөлі сақталған. Балқар фольклорының ең көне ежелгі нарт батырлары туралы эпикалық әңгімелері Солтүстік Кавказдың барлық таулы халықтарының фольклорына тән.
Малқар ертегісі (джомак), феодалдық дәуірде дүниеге келген, эпоспен салыстырғанда оның негізгі кейіпкерлерінің кең әлеуметтік шеңберімен сипатталады.
Феодалдық құрылыстың құлауымен лирика ғашықтық жырлардан басқа бірнеше поэмалармен (жыр), қайғылы оқиғалар туралы жырлармен және жоқтаулармен (қадаға немесе садаға) дамыды. Қайғылы оқиғаларға арналған әндердің ішінде өткен ғасырдың бірінші жартысында халықтың басынан өткерген індет туралы «Иеминэ» қарашай-балқар әні лиризмнің тереңдігімен, сондай-ақ музыкалық көркемдігімен ерекшеленеді.
Кең тараған ұлттық билері кафа, удж, тюз-тепссу, тегерек-тепссу, абзех.
Сабантой, толлу сияқты күнтізбелік мейрамдары бар. Ауыз әдебиеті бай.
Ұлттық музыка аспаптары - жия қобыз, қаңғыр қобыз, қыл қобыз, накрэ, сыбызғы, пхъачыч, карс т.б.[13]
Малқар халқы өз тарихында талай қиындықтарды жеңді. Оларға Ресей төңкерісінен кейінгі тым кедейлік пен сталиндік кезеңдегі репрессия жатады. Дегенмен, бүгінде малқарлар өз мәдениетін дамыту және нығайту жолында. Салт-дәстүрлер малқарлардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Олар өздерінің ұлттық киімдерін, ән мен биін бағалайды. Сонымен қатар, дін балқарлардың көпшілігінің өмірінде маңызды рөл атқарады - олар ислам дінін ұстанады.
Малқарлардың ұлттық мәдениетін байыту мүмкіндіктерінің бірі - туризм саласында ілгерілеуі. Бұл туристерге малқар мәдениетімен, дәстүрлерімен және тарихи орындарымен танысуға мүмкіндік береді. Дегенмен, ұлттық мәдениетті сақтау қиындықтарға тап болуда. Негізгі кедергілердің қатарында үкіметтің ұлттық және мәдени іс-шараларға қаржылық қолдауының жоқтығын, ұлттық тілге назар аудармауын және оны үйренудегі қиындықтарды атап өтуге болады.[14]
Солтүстік Кавказ халықтарының ішінде алдыңғылардың бірі болып депортацияға ұшыраған малқарлар болды. 1943 жылдың 14-қазанында КСРО Халық Комиссарлар кеңесі малқарларды тұрғылықты жерінен көшіру туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес малқарлар Жамбыл облысының жеті ауданына, Оңтүстік Қазақстан облысының сегіз ауданына орналастырылды. Қазақстанда жүргізілген санақ мәліметтері бойынша малқарлардың саны:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.