From Wikipedia, the free encyclopedia
Балқанабат (түрікм. Balkanabat) — Түрікменстандағы қала, Балқан уәлаятының әкімшілік орталығы.
Қала | |
Балқанабат | |
түрікм. Balkanabat | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Уәлаят | |
Хәкім |
Ашыров Әмин Егенмұратұлы |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
39°30′43″ с. е. 54°21′54″ ш. б.39.51194° с. е. 54.36500° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1933 |
Бұрынғы атаулары |
1936 дейін — Нефтедақ |
Қала статусы |
1946 |
Орталығының биiктігі |
17 м |
Климаты |
Құрғақ және жартылай құрғақ |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
120 800 адам (2011) |
Ұлттық құрамы | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+(993 222) |
Пошта индексі |
745100 |
Автомобиль коды |
BN |
Балқанабат шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Балқанабат |
Қалада табиғи газ бен мұнай өндіріледі.
Балқанабат Түрікменстанның батысында Үлкен Балқан жотасының оңтүстік етегінде (Үлкен Балқанның ең биік шыңы Арлан тауының биіктігі 1880 м дейін жетеді) Ашхабадтан солтүстік-батысқа қарай 400 км және Түрікменбашы портынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 км жерде орналасқан.
Елді мекен 1933 жылы 13-Транскаспий темір жолының бойында мұнай кен орнын игеруге байланысты құрылған. Түркіменстан КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1946 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығымен Ашхабад облысындағы Небітдақ кенті облыстық бағыныстағы қала болып өзгертілді (сол уақытта Небітдақ ауданы таратылып, оның аумағы Небітдақ қалалық кеңесіне қосылды). Бастапқы атауы Нефтедақ, кейінірек — Небітдақ («мұнайлы тау» — деп аударылады). КСРО ыдырап, Түркіменстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Небітдақ Балқан уәлаятының орталығына айналды. 1999 жылдан бастап — жергілікті оронимнің қазіргі атауы.
2000 жылдары қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, ірі тұрғын үй нысандарының, жайғасымы жақсартылған пәтерлердің құрылысы жүргізілуде. Жаппай тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Қалада Мемлекеттік драма театрының, Уәлаят тарихи-өлкетану мұражайының, диагностикалық орталықтың, неке сарайының, вокзал ғимаратының, облыстық кітапхананың, 10 мың орындық стадионның, көп бейінді базардың[1] және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандардың ғимараттары[2] салынды.
Жыл | 1959 | 1974 | 1999 | 2006 | 2011 |
---|---|---|---|---|---|
Мың тұрғын | 33 | 61 | 108 | 113 | 120 |
Балқанабат қаласында 2 футбол командасы бар:
Сондай-ақ қалада балалар мен жасөспірімдер спорттың әртүрлі түрлерімен айналысатын бірнеше спорт мектептері бар.
Балқанабадта 2 жоғары оқу орны, 5 орта кәсіби білім және 24 орта мектеп бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.