үздіксіз өзгерісте болып тұратын белгілі бір құбылыстың жағдайын сипаттайтын, заттар мен құбылыстарды салыстыруға мүмкіндік беретін ақшалай-заттай көрсеткіштер жиынтығы;
кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы жағдайын, шаруашылықтың кірісі мен шығысын (актив, пассив), т.б. тепе-теңдіктерді сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштердің белгілі бір жүйесі;
ақша мен тауардың кірісі мен шығысын бейнелейтін, бір-бірімен тең екі жақтық сандық қатынас. Мысалы, тауарды шетке шығару мен сырттан алып келу көрсеткіштері тең болып, жеткілікті қоры жасалып отырса ғана оны өндіру мен тұтыну балансының теңдігі сақталады. Баланстар ел экономикасын (бюджеттік баланс, төлем балансы, салааралық баланс), өнеркәсіп пен фирмалардың қаржы жағдайларын (бухгалтерлік баланс, негізгі қорлардың балансы, қаржы балансы) халықтың кірісі мен шығысын (отбасыныңкірісі мен шығысы, тұтыну бюджеті) талдауға, есептеуге, жоспарлауға пайдаланылады.
Экономикада баланстың төмендегідей түрлері қоланылады:
1) айналмалы қаржы Балансы — белгілі бір уақыт аралығындағы фирманың, кәсіпорынның, бірлестіктің кірісі мен шығысының бір-біріне сәйкестігін бейнелейтін кесте, онда қаржы қозғалысының сипаты көрініс табады;
2) Бухгалтерлік баланс|бухгалтерлік Баланс — кәсіпорындардың, фирмалардың, мекемелердің, т.б-дың жалпы ақша қаражаттарының белгілі бір мерзім ішіндегі орналасу, пайдалану жағдайларын жинақтап көрсететін кесте. Құрылымы жағынан бухгалтерлік Баланс екі жақты. Кестенің активті жағы — кәсіпорын мен фирма қаржысының құрамы мен орналасуын, ал, пассивті жағы— бұл қаржылардың қайдан түсетінін көрсетеді. Актив пен пассивтің қорытындысы тепе-тең болады;
3) еңбек ресурстарының балансы — еңбек қорларын пайдаланудың түрлі жақтары, толықтыру мен азаюы ескеріле отырып жасалады;
4) есептеу балансы — ақша талабы мен мемлекеттің сыртқы балансы туралы белгілі күнге (әдетте жыл басына) немесе белгілі уақытқа (жылға) берген міндеттемесінің арақатынасы;
5) жинақталған қаржы балансы — халық шаруашылығының қаржы қорларын құрудың және пайдаланудың негізгі шамаларын (пропорция) бейнелейтін қаржылық көрсеткіштер жүйесі;
6) жұмыс уақытының балансы — өндіріс қызметкерлері жұмыс уақытының қорларын және оларды әрбір жұмыс түрлеріне қарай пайдалануын бейнелейтін баланс;
7) материалдық баланс — материалдық ресурстардың (заттық қорлардың) пайда болу көздері мен түсу көлемі мен олардың тұтыну көлемінің сәйкестігін бейнелейтін баланс;
8) капитал мен несие қозғалысының балансы — мемлекеттік және жеке капиталдың, сондай-ақ, берілген және алынған халықар. несиелердің арасалмағын көрсететін баланс;
9) негізгі қорлар балансы — өндіріс қуаттары мен құрал-жабдықтарының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Негізгі қорлар балансы ұдайы өндірістің негізгі қорларының көлемі, құрылымы, олардың қозғалысы, арақатынасы мен өсу қарқыны жайында мәліметтер алу мақсатымен жүргізіледі;
10) сауда балансы — белгілі бір уақытта шетке тауар шығарудан және сырттан тауар әкелуден түскен кіріс пен төлемнің арақатынасы;
11) сыртқы сауда балансы — белгілі уақыт аралығындағы (ай, тоқсан, жыл) шетке шығарған және сырттан әкелінген тауар құнының арақатынасы; *12) табыс пен шығыс балансы — белгілі бір мерзім ішіндегі кіріс пен шығыстың көздері, мөлшері көрсетілген және олардың тепе-теңдігі не болмаса бір жағының екінші жағынан артықтығы бейнеленген қаржы есебі;
13) тарату балансы — фирманың, кәсіпорынның, бірлестіктің заңды тұлға ретінде жұмысын тоқтатқан күнгі мүліктік жағдайын бейнелейтін бухгалтерлік есеп;
14) төлем балансы — белгілі уақыт ішіндегі валюта түсімі мен төлем қабілетінің арақатынасы. Мемлекеттің жан-жақты сыртқы экономика байланысын айқындайды. Төлем балансы күнделікті қарапайым операциялардан, капиталдар мен несиелердің қозғалыс Баланстарынан тұрады. Ағымдағы күнделікті төлем балансына: сауда балансы, шетке шығарылған тауар мен әкелінген тауар құнының арақатынасы, көрсетілген қызметке төленген және одан түскен қаржылар, шет ел туризмі есептері, саудадан тыс төлемдер мен түсімдер (жеке акция аудару, зейнетақы, сыйлықтар, шет елде елшілік ұстау қаражаты, шет елге орналасқан қарулы күш қаражаты, т.б.), шетелдік акция қаражатын жұмсауға байланысты кіріс пен төлемдер жатады;
15) халықаралық борыш балансы — бір елдің екінші елге уақтылы өтеу мезгіліне байланыссыз, белгілі бір мерзімде жиналған барлық ақшалай және мүліктей талаптары мен міндеттері;
16) халықаралық есептесу балансы — бір елдің екінші елге қоятын қаржылай талабы мен міндеттерінің, түсімі мен төлемінің арақатынасы.
17) халық шаруашылығы балансы — ұлғаймалы ұдайы өндірістің қарқыны мен көлемін бейнелейтін экономика кестелер мен негізгі көрсеткіштер жүйесі. Халық шаруашылығының дамуындағы қарым-қатынастар мен пропорцияларға және жоспарлаудағы әдістер мен әдістемелерге тығыз байланысты болады. Баланстың бұл түрі өндіріс пен қоғамдық бөліністің өзара сәйкесу деңгейін көрсетеді.[1][2]
Баланс (фр.balance, сөзбе-сөз-таразы, лат.bilanx-қос табақты таразы). Нендей бір өзгермелі құбылыстың ара салмаған немесе тепе-теңдігін сипаттайтын көрсеткіштер.[3]
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0