From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақ қайран (лат. Leucіsсus іdus) — Қауырсын қанаттылар класының Тұқытәрізділер отрядының Тұқылар тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда кең тараған.
Ақ қайран | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Leuciscus idus (Карл Линней, 1758) |
Дене тұрқы 60 – 70 см-ге жуық, салмағы 2,5 – 4 кг-ға жетеді. 4 – 6 жасында жыныстық жағынан толысып, наурыз – сәуір айларында тасқа, су өсімдіктеріне уылдырық (114 мыңға дейін) шашады. Шабақтары 3 – 4 жылда толысады. Жәндіктермен, ұлулармен және су өсімдіктерімен қоректенеді.
Европадағы Рейн өзенінен бастап Шығыс сібірдегі Колымаға дейінгі өзен-көлдерде кездеседі. Ақ қайран – кәсіптік маңызы бар балық. Еті дәмді, азықтық сапасы жоғары. Онда 19%-ке дейін белок бар. Түсі ақ, аздап сарғыштау, кейде қызғылтым болады, қылқан сүйегі көп. Аққайранды тұздайды, ыстап келтіреді, одан консерві дайындайды. Сонымен бірге, оны қуыруға, асуға, қақтан кептіруге, сондай-ақ одан бәліш үшін начинка (фарш) жасауға болады.[1][2] Қолға үйретілген сәндік түрі тоғандарда өсіріледі, спорттық мақсатпен де ауланады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.