From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақ қабық (лат. sclera) — орташа қалыңдығы 0,4-0,6 мм, қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасынан құралған көздің сыртқы талшықты (фиброзды) қабығының ақ түсті тығыз бөлігі. Ол көздің фиброзды қабығының 4/5 бөлігін құрайды. Ақ қабық бір бағытта параллельді тығыз орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары мен олардың аралықтарындағы қатарласып жатқан фиброциттерден құралған. Ақ қабықтың қасаң қабықпен шекарасындағы лимба аймағында, коллаген шоғырлары аралықтарында бір-бірімен тарамдала байланысқан қуыстар болады. Олар ақ қабықтың веналық қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Көздің ақ қабығы алдыңғы жағынан көздің кілегейлі қабығымен қапталған, ал оның артқы бетіне көз бұлшықеттері бекиді. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.