From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақтоғай — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Ақтоғай ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Ақтоғай | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°47′05″ с. е. 51°36′01″ ш. б.47.78472° с. е. 51.60028° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1981 |
Бұрынғы атаулары |
Бақсай бекінісі, Бақсай (Шой) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼939 адам (2021) |
Этнохороним |
ақтоғайлық, ақтоғайлықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
06 |
Ақтоғай шекарасы
|
Ауылдың жаңаруы 1981 жылы "Қазақ КСР-ның 60 жылдығы" атындағы жем-шөп кеңшарының құрылуымен байланысты. "Ақтоғай" деп атау қойған 1981-1990 жылдары осы кеңшардың директоры болған, кеңшарды құруда атаулы еңбек сіңірген ардагер Атиғолла Жарылғасов болатын. Аталған кеңшар Шой, Бақсай ауылының солтүстігінен бой көтерген. Шойдың іргесі XVII ғасырдың 1615-1620 жылдары қаланғандығы жайлы дерек бар. Патша үкіметі Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністер салуға кіріскен кезде, Жайық өзенінің жағалауында орыс-казактардың күшімен Сахарная, Калмыков, Гребенщиков, Кулагино, Зелёный, Карманово, Тополинск (Топайлы), Чуйский (Шой) т.б. әскери бекіністер салып, патша үкіметінің суық қаруланған орыс-казак әскерлері тұрақтаған. Кейін "Бақсай бекінісі" аталады. Ресей империясының 1868 жылғы әкімшілік реформасына байланысты село дәрежесі берілген. Азамат соғысы жүріп жатқан кезеңнің қақ ортасында 1919 жылы Бақсай селолық советі құрылып, 1942 жылға дейін орталығы міндетін Бақсай селосы атқарған. Бақсай ауылының орнынан Ақтоғай селолық кеңесі 1981 жылы 10 қарашада Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен құрылған. Ақтоғай селолық кеңесі Ақтоғай селолық округі болып 1994 жылдың сәуір айында өзгертілген. 1996 жылдың 31 желтоқсанында "Ақтоғай ауылдық округінің әкімі аппараты" болып өзгеріп, мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі берілген. 1981 жылы қайта ұйымдастырылған "Қазақ КСР-ның 60 жылдығы" атындағы кеңшар 1994 жылы тарап, кооператив болып құрылған. Бұл кооператив 1998 жылға дейін өмір сүріп, өнеркәсіп салалары жекешелендірілген.[1]
Жайықтың оң жағалауында, аудан орталығы Махамбет ауылынан 15 км-дей солтүстікке қарай орналасқан.
1989 жылы елді мекенде 764 адам тұрған.[2] 1999 жылы тұрғындар саны 864 адам (439 ер адам және 425 әйел адам) болса, 2009 жылы 965 адамды (488 ер адам және 477 әйел адам) құрады.[3]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 939 адамды (477 ер адам және 462 әйел адам) құрады.[4]
Ауыл панорамасы | Ақтоғай ауылына бұрылыстағы стелла |
---|---|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.