Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ацидофильді ағзалар ( лат. acidus —қышқыл + көне грекше: φιλέω — ұнатады) - тіршілігіне сыртқы ортаның едәуір қышқылдығын қажет ететін ағзалар. Мысалы, сірке қышқыл бактериялары ортаның қышқылдығы рһ - 3,3; сүт қышқыл бактериялары ортаның қышқылдығы 3,4 болғанда және 40°С жылылықта жақсы өсіп-өнеді.
Ацидофильді ағзалардың пішіні таяқша тәрізді. Олар глюкоза, мальтоза, сахароза және лактоза қантын жақсы ашытады. Осы бактериялардың қатысуымен сірке қышқылы алынады, ацидофильді айран дайындалады, жемшөп сүрленеді т.б. процесстер жүргізіледі. Ацидофильді ағзалар қосылып ашытылған айранның шипалық қасиеті бар. Бұл бактериялар ішек-қарындағы зиянды, түрлі ауру қоздырушы микробтарды және олардан түзелген түрлі улы заттарды жояды. Ацидофильді ағзаларға кендегі күкіртті күкірт қышқылына дейін тотықтыратын және рһ 1-2 болса дұрыс өсіп-өнетін хемоавтотрофты бактериялар, кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер (сфагнум, аршагүл, бөрібұршақ және т.б. кальцефобты өсімдіктер де жатады[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.