From Wikipedia, the free encyclopedia
Астық тескіш (лат. Stegobium paniceum) – қатты қанаттылар сабына жататын тескіш қоңыздар тұқымдасының өкілі.
Астық тескіш | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Stegobium paniceum (Карл Линней, 1758) |
Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Денесінің ұзындығы 2 – 3 мм, түсі қызғылт келеді. Астық тескіштің дернәсілдері қойма зиянкестері болып табылады. Ол қоймадағы кептірілген көкөністерді, дәрілік өсімдіктерді, ұн өнімдерін, сондай-ақ кітап, қағаздарды да зақымдайды. Зақымданған ұн өнімдерінің сапасы төмендеп, қарайып кетеді. Астық тескіш маусым – шілде айларында жаппай ұша бастайды. Ұрғашылары тағам өнімдеріне 140-қа дейін жұмыртқа салады. Дернәсілдері ұн өнімдерін, астық тұқымдарын жеп, сол жерде қуыршаққа айналады. Астық тескіш жылына 4 рет көбейеді. Ол астық қамбаларында тазалық тәртібін дұрыс сақтау, уақытында химиялық және физикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы жойылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.