From Wikipedia, the free encyclopedia
Астана футбол клубы — қазақстандық кәсіби футбол клубы. 2009 жылы Астана қаласында құрылды. 2013 жылдан бастап ЕУРО кубоктарға қатысады. Қазақстанның 7 дүркін чемпионы.
Астана клубы 2015-16 жылғы Еуро-кубоктар маусымында кипрлық АПОЕЛ-ды 2-1 жалпы есебімен жеңіп, Еуропа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған Қазақстан тарихындағы алғашқы клуб атанды.
Астана Арена стадионы клубтың негізгі ойын стадионы. 2023-24 жылғы маусым қорытындысы бойынша УЕФА клубтары тізімінде 136 орында.[2]
2009 жылы "Алматы" мен "Мегаспорт" клубтарының қосылуымен пайда болды. Клубтың тұңғыш жаттықтырушысы Вахид Масудов болды. Одан кейін клубты Сергей Юран жаттықтырды. Алғашқы маусымда клуб сапында Егор Титов, Андрей Тихонов (кейін клубқа бапкер де болды) секілді ресейлік ардагер футболшылармен бірге қазақстандық Андрей Карпович, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, өзбекстандық Максим Шацких секілді футболшылар ойнады.
2009 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымын клуб Алматыда өткізді. Одан кейін клубтың базасы Астанада жаңадан салынған "Астана Арена" стадионына ауысты. Маусым қорытындысында клуб екінші орын алды. Бірақ жалақыны уақытында ала алмағандықтан Сергей Юранмен бірге бірнеше легионерлер клубтан кетті. Күміс жүлде иеленгеніне қарамастан клуб 2010/11 жылғы Еуропа лигасына УЕФА-ның "үш жыл ережесі" бойынша қатыса алмады (еурокубоктерге ұлттық біріншілікте кемінде үш маусым ойнаған клуб қана қатыса алады).
2014 жылғы маусым айында клуб бапкері боп болгариялық Станимир Стоилов тағайындалды. Осы маусымда тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.
2015 жылы 26 тамыз күні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Кипрде жергілікті АПОЭЛ клубымен тең түсті (өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан-ды). Екі ойын қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Қазақстан атынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы клуб атанды.[3]
Топтық кезеңде "Галатасарай", "Атлетико Мадрид", "Бенфика" клубтарымен бір топқа түсті. Бұл жылы топтық турнирде жеңіс тойын тойлай алмады, алты кездесудің төртеуінде тең ойнап, төртінші орында қалды. Тек сырт алаңда "Бенфика" мен "Атлетикодан" ұтылды.
2016/17 жылғы маусымда тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасының топтық турниріне жолдама алды. Бұл жолы да төртінші орында қалды.
2017/18 жылғы Еуропа Лигасында тұңғыш рет көктемгі плей-офф кезеңдеріне дейін жетіп, 1/16 финалда "Спортинг Лиссабоннан" ұтылды (үйде 1:3, сыртта 3:3). Осы матчтан соң бас бапкер Станимир Стойлов командадан кетіп, орнына Григорий Бабаян келді.
2019 жылдың басында команда тізгінін украиналық бапкер Роман Григорчук ұстады. Григорчуктың басқаруымен клуб тағы да Қазақстан чемпионы атанды және Еуропа лигасының топтық турниріне шықты. Бірақ Еуропа лигасының топтық турнирінде клуб бір рет қана жеңіске жетті ("Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты), осы себеппен 2020 жылдың басында Григорчук қызметтен босады.
2020 жылдың басында клуб тізгінін сол кездегі Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкері Михал Билек ұстады. 2020/21 жылғы чемпиондар лигасында клуб бірінші раундта-ақ "Динамо Брест" клубынан 3-6 есебімен ұтылып, Еуропа лигасына түсіп қалды. Осы жеңілістен соң ұзамай Билек орнын босатты, оның орнына келген Пол Эшуорт та клубтың құлдырауын тоқтата алмады, чемпионатта "Қайратты" турнир кестесінде өздерінен ұзатып алды, Еуропа лигасында "Будучностан" ұтылып қалды да, соңғы алты жылда бірінші рет клуб еуротурнирлерде топтық кезеңге шыға алмады. Қыркүйек айының соңында енді тізгінді ресейлік маман Андрей Тихонов ұстады. Бірақ клуб 2020 жылғы чемпионатты үшінші орынмен қорытындылады.
Астана клубы УЕФА чемпиондар лигасындағы Ыстамбұлдың "Галатасарайымен" Астанада 2-2 тең түсіп алғашқы ұпайын алады. 2015-2016 жылғы маусымда өз алаңында ұтылып көрмеді:
Жыл | Орын | О | Ж | Т | Ұ | Доптар | Бомбардирлар |
---|---|---|---|---|---|---|---|
2009 | 26 | 20 | 0 | 6 | 54-24 | Андрей Тихонов — 12 | |
2010 | 4 | 32 | 14 | 8 | 10 | 41-28 | Игорь Бугаев — 11 |
2011 | 4 | 32 | 16 | 7 | 9 | 50-37 | Драган Богавац — 12 |
2012 | 5 | 26 | 13 | 7 | 6 | 34-24 | Таңат Нөсербаев — 10 |
2013 | 32 | 19 | 5 | 8 | 54-35 | Таңат Нөсербаев, Дамир Кояшевич, Патрик Твумаси — 6 | |
2014 | 32 | 18 | 10 | 4 | 63-26 | Фокси Кетевоама — 16 | |
2015 | 32 | 20 | 7 | 5 | 55-26 | Таңат Нөсербаев — 11 | |
2016 | 32 | 23 | 4 | 5 | 47-21 | Джордже Деспотович — 8 | |
2017 | 33 | 25 | 4 | 4 | 74-21 | Жуниор Кабананга — 19 | |
2018 | 33 | 24 | 5 | 4 | 66-22 | Марин Томасов — 14 | |
2019 | 33 | 22 | 3 | 8 | 67-28 | Марин Томасов — 19 | |
2020 | 20 | 11 | 3 | 6 | 32-21 | Пиерос Сотириу, Рунар Мар Сигурьонссон — 6 | |
2021 | 26 | 17 | 6 | 3 | 53-25 | Марин Томасов — 17 | |
2022 | 26 | 16 | 5 | 5 | 65-24 | Педру Эужениу — 18 | |
2023 | 26 | 16 | 5 | 5 | 36-24 | Абат Айымбетов — 8 |
Жарыс | Ойындар | Ж | Т | Ұ | СД | ЖД | Қ | %Ұ |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
УЕФА Чемпиондар Лигасы | 35 | 12 | 11 | 12 | 40 | 53 | -13 | 34 % |
УЕФА Еуропа Лигасы | 49 | 18 | 9 | 22 | 67 | 78 | -11 | 36,36 % |
УЕФА Конференция Лигасы | 23 | 8 | 4 | 11 | 27 | 35 | -8 | 34,78 % |
Барлығы | 107 | 38 | 24 | 45 | 134 | 166 | -32 | 35,51 % |
Маусым | Жарыс | Раунд | Қарсылас | Үйде | Сыртта | Жалпы |
---|---|---|---|---|---|---|
2013/14 | УЕФА Еуропа Лигасы | I КР | Ботев | 0:1 | 0:5 | 0:6 |
2014/15 | УЕФА Еуропа Лигасы | I КР | Пюник | 2:0 | 4:1 | 6:1 |
II КР | Хапоэль Тель-Авив | 3:0 | 0:1 | 3:1 | ||
III КР | АИК | 1:1 | 3:0 | 4:1 | ||
Плей-офф | Вильярреал | 0:3 | 0:4 | 0:7 | ||
2015/16 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | II КР | Марибор | 3:1 | 0:1 | 3:2 |
III КР | ХИК | 4:3 | 0:0 | 4:3 | ||
Плей-офф | АПОЭЛ | 1:0 | 1:1 | 2:1 | ||
С тобы | Бенфика | 2:2 | 0:2 | 4 орын | ||
Атлетико Мадрид | 0:0 | 0:4 | ||||
Галатасарай | 2:2 | 1:1 | ||||
2016/17 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | II КР | Жальгирис | 2:1 | 0:0 | 2:1 |
III КР | Селтик | 1:1 | 1:2 | 2:3 | ||
УЕФА Еуропа Лигасы | Плей-офф | БАТЭ | 2:0 | 2:2 | 4:2 | |
В тобы | Олимпиакос | 1:1 | 1:4 | 4 орын | ||
Янг Бойз | 0:0 | 0:3 | ||||
АПОЭЛ | 2:1 | 1:2 | ||||
2017/18 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | II КР | Спартак Юрмала | 1:1 | 1:0 | 2:1 |
III КР | Легия | 3:1 | 0:1 | 3:2 | ||
Плей-офф | Селтик | 4:3 | 0:5 | 4:8 | ||
УЕФА Еуропа Лигасы | А тобы | Маккаби Тель-Авив | 4:0 | 1:0 | 2 орын | |
Славия Прага | 1:1 | 1:0 | ||||
Вильярреал | 2:3 | 1:3 | ||||
1/16 | Спортинг | 1:3 | 3:3 | 4:6 | ||
2018/19 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | I КР | Сутьеска | 1:0 | 2:0 | 3:0 |
II КР | Мидтьюлланн | 2:1 | 0:0 | 2:1 | ||
III КР | Динамо Загреб | 0:2 | 0:1 | 0:3 | ||
УЕФА Еуропа Лигасы | Плей-офф | АПОЭЛ | 1:0 | 0:1 | 1:1 (2:1) | |
К тобы | Динамо Киев | 0:1 | 2:2 | 3 орын | ||
Ренн | 2:0 | 0:2 | ||||
Яблонец | 2:1 | 1:1 | ||||
2019/20 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | I КР | ЧФР Клуж | 1:0 | 1:3 | 2:3 |
УЕФА Еуропа Лигасы | II КР | Санта-Колома | 4:1 | 0:0 | 4:1 | |
III КР | Валлетта | 5:1 | 4:0 | 9:1 | ||
Плей-офф | БАТЭ | 3:0 | 0:2 | 3:2 | ||
L тобы | Манчестер Юнайтед | 0:1 | 2:1 | 4 орын | ||
Партизан | 0:6 | 0:5 | ||||
АЗ | 1:2 | 1:4 | ||||
2020/21 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | I КР | Динамо Брест | — | 3:6 | 3:6 |
УЕФА Еуропа Лигасы | II КР | Будучность | 0:1 | — | 0:1 | |
2021/22 | УЕФА Конференция Лигасы | II КР | Арис | 2:0 | 1:2 | 3:2 |
III КР | КуПС | 3:4 | 1:1 | 4:5 | ||
2022/23 | УЕФА Конференция Лигасы | II КР | Ракув | 0:1 | 0:5 | 0:6 |
2023/24 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | I КР | Динамо Тбилиси | 1:1 | 2:1 | 3:2 |
II КР | Динамо Загреб | 0:2 | 0:4 | 0:6 | ||
УЕФА Еуропа Лигасы | III КР | Лудогорец | 2:1 | 1:5 | 3:6 | |
УЕФА Конференция Лигасы | Плей-офф | Партизани | 1:0 | 1:1 | 2:1 | |
C тобы | Динамо Загреб | 0:2 | 1:5 | 3 орын | ||
Виктория Пльзень | 1:2 | 0:3 | ||||
Балкани | 0:0 | 2:1 | ||||
2024/25 | УЕФА Конференция Лигасы | |||||
II КР | Милсами | 1:0 | 1:1 | 2:1 | ||
III КР | Корвинул | 6:0 | 2:1 | 8:2 | ||
Плей-офф | Бранн | 3:0 | 0:2 | 3:2 | ||
ГЭ | Челси | - | ||||
Витория Гимарайнш | - | |||||
АПОЭЛ | - | |||||
ТСЦ Бачка Топола | 1:0 | - | ||||
Пафос | 0:1 | - | ||||
Нью-Сейнтс | 0:2 | - |
Астана футбол клубының барлық жылдардағы рейтингі. Ақпарат УЕФА ресми сайтынан алынған[4]:
Маусым | Орын | Маусымдағы ұпай | Барлық ұпайлар |
2013/14 | 403 | 0,250 | 0,250 |
2014/15 | 310 | 1,500 | 1,750 |
2015/16 | 137 | 8,000 | 9,750 |
2016/17 | 118 | 4,000 | 13,750 |
2017/18 | 67 | 8,000 | 21,750 |
2018/19 | 57 | 6,000 | 27,500 |
2019/20 | 56 | 3,000 | 29,000 |
2020/21 | 64 | 1,500 | 22,500 |
2021/22 | 80 | 2,000 | 20,500 |
2022/23 | 107 | 1,500 | 14,500 |
2023/24 | 136 | 3,000 | 11,000 |
Астана футбол клубының 2020 жылдан бастап қабылданған логотипінде екі жұлдыз – Астананың 6 чемпиондығының символы (елдегі әрбір үшінші чемпионатқа бір жұлдыз)[5].
Астана футбол клубы «Астана Арена» стадионында ойнайды. Сыйымдылығы 30 200 көрермен. Стадионның жылжымалы шатыры бар, ол 20 минутта ашылып-жабылады. Алаң жасанды, футболдан басқа концерттерді өткізуге бейімделген.
2020 жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Астана маусымды 1500 орындық «Жас Қыран» стадионында бастауға мәжбүр болды[6]. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты 2024 жылғы маусымда Астана қайтадан «Хан Тәңірі» стадионында өткізуге мәжбүр[7].
Кезең | Форма жасаушы | Бас демеуші |
---|---|---|
2009—2013 | Adidas | Қазақстан темір жолы |
2013—2020 | Zott | |
2020—2023 | Самұрық-Қазына | |
2023—2024 | Nike | |
2024—қазіргі уақытқа дейін | Adidas |
2024 жыл, қыркүйек [8]
Қызметі | Есімі |
---|---|
Директорлар кеңесінің төрағасы | Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов |
Бас директор | Ғазинұр Дамирұлы Алимов |
Техникалық директор | Самат Қабирұлы Смақов |
Спорт директоры | Игорь Владимирович Павлюк |
Қаржы директоры | Любовь Валерьевна Крайнова |
2024 жыл, қыркүйек [9]
Қызметі | Есімі |
---|---|
Бас бапкер | Григорий Константинович Бабаян |
Бас бапкер көмекшісі | Александр Васильевич Москаленко |
Бас бапкер көмекшісі | Саид Ибраимов |
Қақпашылар бапкері | Милан Стойкович |
Дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы | Аркадий Иванович Бакулин |
Аналитика жөніндегі маман | Амаль Аязов |
Бейнеоператор | Павел Викторович Лаптев |
Бейнесараптама бойынша маман | Ренат Тагиров |
Дәрігер | Гутцалов Николай Петрович |
Физиотерапевт | Тьяго Де Оливейра |
Сылаушы | Сергей Ларин |
Сылаушы | Саят Берентаев |
Аға әкімші | Вячеслав Бегунов |
Әкімші | Андрейко Сергей |
№ | Қақпашылар | Туған күні | Азаматтығы |
---|---|---|---|
55 | Александр Заруцкий | 26.08.1993 | Қазақстан |
74 | Мухаммеджан Сейсен | 14.02.1999 | Қазақстан |
93 | Йосип Чондрич | 27.08.1993 | Хорватия |
№ | Қорғаушылар | Туған күні | Азаматтығы |
2 | Карло Бартолец | 20.04.1995 | Хорватия |
3 | Бранимир Калаица | 01.06.1998 | Хорватия |
4 | Марат Быстров | 19.06.1992 | Қазақстан |
5 | Кипрас Кажуколовас | 20.11.2000 | Литва |
16 | Ян Вороговский | 07.08.1996 | Қазақстан |
15 | Абзал Бейсебеков | 30.11.1992 | Қазақстан |
22 | Александр Марочкин | 11.07.1990 | Қазақстан |
27 | Тимур Досмағамбетов | 01.05.1989 | Қазақстан |
45 | Алекса Аманович | 24.10.1996 | Солтүстік Македония |
№ | Жартылай қорғаушылар | Туған күні | Азаматтығы |
7 | Макс Эбонг | 26.08.1999 | Беларусь |
8 | Исламбек Қуат | 12.01.1993 | Қазақстан |
10 | Марин Томасов | 31.08.1987 | Хорватия |
19 | Барнс Осей | 08.01.1995 | Гана |
21 | Елхан Астанов | 21.05.2000 | Қазақстан |
77 | Назми Грипши | 08.07.1997 | Албания |
97 | Нұрәлі Жақсылық | 04.11.2004 | Қазақстан |
№ | Шабуылшылар | Туған күні | Азаматтығы |
9 | Джеффри Чинеду | 01.10.1997 | Нигерия |
11 | Ннамди Аханону | 22.02.2002 | Нигерия |
28 | Усман Камара | 28.12.1998 | Гвинея |
72 | Станислав Басманов | 24.06.2001 | Қазақстан |
81 | Рамазан Кәрімов | 05.07.1997 | Қазақстан |
Астана футбол клубының барлық бапкерлері
Есімі | Жұмыс істеген уақыты |
---|---|
Ерқанат Туғамбаев | 2009 |
Асылай Әдікерімов | 2009 |
Нұржан Нұрмаханов Нуржан | 2009—2010 |
Хольгер Фах | 2010—2011 |
Олег Валерьевич Протасов | 2011 |
Мирослав Беранек | 2012—2013 |
Йоан Андоне | 2013 ж. шілде–қараша |
Вадим Карленович Абрамов | 2013 ж. қараша–желтоқсан |
Станимир Стойлов | 2014—2018, ақпан |
Григорий Константинович Бабаян | 2018, наурыз-маусым, қыркүйек — қараша |
Роман Иосифович Григорчук | 2018, маусым-қыркүйек — қаңтар 2020 |
Михал Билек | январь 2020 — август 2020 |
Пол Эшуорт | тамыз 2020 — қазан 2020 |
Андрей Валерьевич Тихонов | қазан 2020 — қараша 2021 |
Владимир Раимович Ежуров | қараша 2021 |
Срджан Благоевич | қараша 2021 — қыркүйек 2022 |
Григорий Константинович Бабаян | қыркүйек 2022 — қазіргі уақытқа дейін |
2024 жыл, қыркүйек [11]
2024 жыл, қараша [12]
№ | Есімі | Ойындар | Кезең |
---|---|---|---|
1 | Абзал Бейсебеков | 413 | 2009, 2012—қазірге шейін |
2 | Ненад Эрич | 305 | 2014-2020 |
3 | Дмитрий Шомко | 276 | 2011, 2014—2020 |
4 | Марин Томасов | 264 | 2017—қазірге шейін |
5 | Марин Аничич | 212 | 2014—2019 |
2024 жыл, қараша [12]
№ | Есімі | Голдар | Кезең |
---|---|---|---|
1 | Марин Томасов | 108 | 2017—қазірге шейін |
2 | Патрик Твумаси | 69 | 2013—2018 |
3 | Таңат Нөсербаев | 52 | 2011—2015 |
4 | Жуниор Кабананга | 42 | 2015—2019 |
5 | Фокси Кетевоама | 31 | 2012—2014 |
6 | Роман Муртазаев | 30 | 2010—2011 |
7 | Абат Айымбетов | 29 | 2021—2023 |
8 | Педру Эужениу | 24 | 2021—2022 |
9 | Джордже Деспотович | 20 | 2016—2018 |
Игорь Бугаев | 20 | 2010—2011 | |
10 | Серікжан Мұжықов | 19 | 2014—2019 |
Сергей Остапенко | 19 | 2012—2015 |
2024 жыл, қыркүйек [12]
№ | Есімі | Ассисттар | Кезең |
---|---|---|---|
1 | Марин Томасов | 93 | 2017—қазірге шейін |
2 | Фокси Кетевоама | 51 | 2012—2014 |
3 | Дмитрий Шомко | 46 | 2011, 2014—2020 |
4 | Серікжан Мұжықов | 31 | 2014—2019 |
5 | Патрик Твумаси | 27 | 2013—2018 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.