Qarmet АҚ — Қарағанды облысы Теміртау қаласында орналасқан Қазақстандағы ең ірі металлургиялық зауыт "Қарағанды металлургиялық зауытына" иелік ететін қазақстандық болат және тау-кен өндіруші компания. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан инвестициялық корпорациясына» тиесілі. 1995-2004 жж. «Испат Кармет» АҚ, 2004-2007 жж. «Миттал Стил Теміртау» АҚ, 2007-2023 жж. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ деп аталды.
1995 жылы 17 қарашада Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіру жөнінде өткен жабық тендерде төрт бәсекелестен басым түсіп штаб-пәтері Лондонда орналасқан «Испат Интернэшнл ЛТД» компаниясы жеңіске жетті. Соның нәтижесінде «Испат Кармет» ААҚ құрылды. Келісім бойынша компания Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қарметкомбинаттың қарыздарын жабу үшін бірінші кезекте 52 млн АҚШ долларын беруді және жинақталып қалған жалақы қарызы үшін 11 млн АҚШ долларын төлеуді мойнына алды. Мұнымен бірге бір жыл ішінде мемлекет басқаруында болған ҚарМК-ын сауықтыруға жұмсалған қаржыларды Республикалық қалпына келтіру банкіне қайыруды міндеттеді. Бұл кезде «Испат Интернэшнл» жылына 12 млн тоннаға дейін сұйық металл өндіре алатын әлемдегі ең ірі жеке меншік компаниялардың бірі саналатын. Қарметкомбинатты сатып алғаннан кейін әлемдік болат өндіруде 32-орыннан 14-15-орынға шықты.
Бүгінде компанияның зауыттары 4 құрлықтың 14 елінде (Франция, Германия, Польша, Чехия, Румыния, Босния, Македония, АҚШ, Канада, Мексика, Тринидад, Оңтүстік Африка Республикасы мен Алжир) бар. Оларда 164 мың адам жұмыс істейді. Жылына 70 млн тонна болат өндіреді. 19% ж. «Испат Кармет» АҚ комбинаттың негізгі отын базасы болып табылатын Қарағанды көмір бассейнінің 15 шахтасы мен 12 кәсіпорнын иелігіне алып, көмір департаментін, 1999 жылы Лисаковск, Кентөбе, Атасу, Атансор кен орындарын иелікке алып, «Өркен» атты темір рудасы департаментін құрды. 10 жыл ішінде комбинатты әлемдік деңгейге көтеру үшін 1,5 млрд доллар инвестиция салды. Осы заманға сай технологиялар енгізіліп, жаңа өндірістер салына бастады, басы артық, ескі цехтар мен құрылымдардан (мәселен, сортты прокат өндірісі, әлеуметтік нысандар) арылды.
1998 жылы тамыз айында жылына 320 мың тонна өнім бере алатын ыстықтай қалайылау және мырыштау цехы салынды, 2003-2005 ж. №3 және №4 домна пештері, 7 кокс батареясы күрделі жөндеуден өткізілді. 2005 жылы болатты үздіксіз құю машинасының алғашқы кезегі іске қосылды. Өнім өткізу географиясы кеңейді. Бүгінде КМК өнімдері Еуропа мен Америкаға, Қытайға жөнелтіледі. Қолға алынған шаралар нәтижесінде сұйық болат өндіру 1995 жылғы 3,1 млн тоннадан 2004 жылы 5,1 млн тоннаға дейін, дайын прокат өндіру 2,2 млн. тоннадан 3,9 млн. тоннаға дейін өсті. Стратегиялық мақсат ретінде темір рудасын фосфорсыздандыру, кенді байыту, көмір өндіретін қуатты жабдықтар шығару, Атансор кенішінің қуатын арттыруға инвестициялар салынып отыр. АҚ қаланы жылумен және электр энергиясымен (ЖЭО-2, ЖЭОПВС) камтамасыз етеді, жаңа ғимараттар (Металлургия институтының жаңа қорпусы, спорт кешені, теннис орталығы) салды, Астана, Қарағанды, Теміртау қаласындағы әлеуметтік шараларға қатысады. Теміртауда жаңа сортты прокат өндірісінің Ақтауда (Маңғыстау облысы) болат құбырлар зауыт құрылысын жүргізуде (2006). Компания иесі Лакшми Миттал мырза. ААҚ бас директорлары Малай Мукхерджи, Иоханнес Ситтард, Норендра Чаудхари, 2004 жылдан Навал Чоудхари.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.