From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарағанды металлургия комбинаты - Қазақстан Магниткасы (Теміртау қ.), Ұлы Отан соғысы жылдарында салынып, пайдалануға берілген Қазақ металлургия зауыты Қазақстан қара металлургиясының тұңғыш кәсіпорны және осы күнгі металлургия комбинатының ізашары болды.
Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің «Қара металлургияға жедел жәрдем беру шаралары туралы» 1943 жылы 7-ақпандағы қаулысы негізінде КСРО Қара металлургия халкомы И. Ф. Тевосян 1943 жылы 26 маусымда зауыт салудың жобалық тапсырмасын бекітті. Металлургия зауыттарын жобалайтын Мемлекеттік Одақтық институт Бас жобалаушы болып ұйғарылды. 1943 жылы 5 сәуірде КСРО Қара металлургия министрлігі болашақ Қарағанды металлургия зауыты салынатын жерді тандап алатын комиссия тағайындады. Оның жұмысын Магнитогорск металлургия комбинатының директоры Г. И. Носов басқарды. Комиссия жұмысына Қазақстанның Қ. И. Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдары қатысты.
Зауыт құрылысы 1950 жылы басталды. Көлемі 1513 м3 алғашқы домна пешін салу 1957 жылы желтоқсанда қолға алынды. 1958 жылы БЛКЖО 13-съезінде Қазақстан магниткасын салу Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. 1960 жылы 3 шілдеде № 1 домна пеші, тұңғыш шойын қорытты, қарашада 2 кокс батареясы пайдалануға берілді, 30 желтоқсанда қазақстандық алғашқы кокс алынды. 1963 жылы 23 маусымда №1 агломерация ф-касы өнім берді. 1970 жылы Қарағанды металлургия зауыты негізінде Қарағанды металлургия комбинаты құрылды. Оның құрамына Атасу (темір-марганец рудалары) және оңтүстік Топар (флюсті әктастар) кен басқармалары, Алексеевка доломит карьері және Қазақ металлургия зауыты енді. Қарағанды Металлургия Комбинатынің шикізат базасы Лисаков және Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаттары, Қарағанды көмір бассейні болып табылады. Аса қуатты кептеген металлургиялық агрегаттар комбинатта алғаш рет игерілді. 1975 жылы АҚМ-3312 агломерация машиналары, көлемі 3200 м2 домна пеші, 1970 жылы 250 тонналық қонвертерлер мен қуатты КАР-30 оттекті блоктар, ыссылай прокаттау кең енді үздіксіз 1700 стандарты, 1973 жылы бес клетті 1700 суык прокаттау станы, 1982 жылы «шексіз» прокаттау ретімен жұмыс істейтін алты клетті 1400 станы пайдалануға берілді. Қарағанды Металлургия Комбинаты — толық металлургиялық циклды кәсіпорын. Жылына 5100 мың т шойын, 5700 мың т болат, 4300 мың т прокат өндіреді. Болаттың оттегі аз және оттегі төмен маркаларынан табақ каңылтырлы сортты прокат, кокс-химиялық 30 түрін халық тұтынатын тауарлар (қыш, әк, минералды тыңайтқыштар, қонсерві кақпақтарын т. б.) шығарады. Комбинатта Лисаков кенінің фосфорлы темір рудаларын өндеу технологиясы дүние жұзындығы прақтикада алғаш рет игерілді. Рудаларын металлургиялық жолмен кайта өндеуцің мейлінше тиімді толық технологиясы жасалды және табақ канылтыр прокаттау өндірісін онан әрі дамытуды техникалық жағынан камтамасыз ету жүзеге асырылды. Конвергерлердің футеровка тұрақғылығын арттыру үшін жалынмен торкреттеу технологиясы енгізілді. Бүл технология бойынша оның тұрақтылығы 2,5 есе артты, мұның арқасында балқытпа саның 180-нен 500-ге дейін көбейтуге мүмкіндік туды. Прокаттау өндірісінде «Құйма дайындаушы - рулон» технологиялық жүйесі, металл тақта бетін тұзды қышқынмен үздіксіз күйдіріп әрлеу, өнделген күйдіргіш ерітінділерді регенерациялау т. б. осы салада тұңғыш рет игерілді. Қарағанды Металлургия Комбинатында ҚР тұңғыш Президенті Н. Назарбаев еңбек жолын бастады. Ол осында 1973-77 жылы партком хатшысы болып істеген жылдары комбинатпен қаланың тиісті дәрежеде дамымай артта калған әлеуметтік инфрақұрылымын ҚОКП ОК секретариатында арнайы мәселе егіп көтеріп, ОК арнайы кэулысын, орталық органдардың басқа да шешімдерін кабыдаатты. Комбинат директоры О. И. Тищенко, облыс басшыларымен бірге артта калған комбинатты алдыңғы қатарға қосуға үлкен үлес қосты. Комбинатта 1980 жылдары 41 мыңнан аса адам еңбек етті.
6 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Олар: Т. Адам-Юсупов, Е. Байғазиев, А. Дәрібаев, М.Мүслімов, А. Г. Хвостов. Болат балқытушы К,. 3. Рамазанов және комбинат директоры 0. Н. Сосковец 1989 жылы КСРО халық депутаты болып сайланды. Ұжымда 500 адам орден және медальдармен марапатталған. 93 адам КСРО Қара металлургия министрлігінің Құрметті металлургі және Құрметті кенші атақтарын, З0 адам ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургі атағын алды. Ауыр жүк таситын КамАЗ автомобильдерінің рамаларын жасауға керекті аса берік табақ болат өңцірудіигергеніүшін М. А.Ақбиев,В. Д. Марқов, 0. И. Тищенко ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1980). Шихта материалдарының дымқылдығын автоматты түрде бақылау құралдары және қара металлургияныңтехнол. процестерін басқару жүйесін комплексін жасап, бір жолғы қуаты аса ірі агрегаттарға енгізгені үшін. Э. Э. Миникес 1984 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Фосфорлы темір рудасын өндеу технологиясын жасап металлургия өнеркәсібіне енгізгені, сөйтіп табақ прокаттың тиімділігі жоғары түрлерін өндіруді камтамасыз еткені және бұрын қазынмай келген кен орындарын павдалану мүмкіндігін жасағаны үшін М. А. Ақбиев, В. А. Мирко, В. В. Емушинцев, Г. Л. Цимбал, В. П. Бургов КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1984).
Аға вальцовшы, ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты, КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты, кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. В. Дрожжин басқаратын бес клетті 1700 станның вальцовшылар бригадасы 11 бесжылдықта «Әр жұмыс орнында жоғары қайтарым алайық» деген бастама көтерді. Бастаманы Қазақстан Компартиясы ОК қолдады. Оған 20 мыңнан аса еңбекші үн қосты. Комбинат коллективінде «Кепілдікпен жөндеп, шаруақорлық тұрғыдан пайдаланайық», «Жұмыста артта калушылар болмасын» деген бастамалар кеңінен қолдау тапты.
Қарағанды Металлургия Комбинатының 780 мың м2 тұрғын үй қорын, қаланы да жылумен және энергиямен қамтамасыз ететін 2 электр станциясы, спорт кешені, «Болат» спорт клубы, стадионы, Металлургтердің мәдениет және техника сарайы, медициналық,-санитарлық бөлімі, Самарқан су қоймасы жагасыңца «Самал» профилакторийі, басқа да әлеуметтік объектілері болды. (қ. Аглодомна өндірісі, Болат қорыту өндірісі, Кокс-химия өндірісі, Табақ прокат өндірісі). КСРО-ның ыдырауына байланысты бұрынғы калыптасқан эқономикалық байланыстардың бұзылуынан 90-жылдары Қарағанды Металлургия Комбинаты қиын жағдайға душар болды. Айналыс қаржысы болмады. Жалақы карызы алты айдан асып кетті. Осындай жағдайда Үкімет, КР Президенті Н. Назарбаев инвестор тапты. Ол «Испат-Интернешнл» компаниясы еді. Қарағанды Металлургия Комбинаты комбинатқа сенімді негізінде 1995 жылы «Испат-Қармет» (қазіргі «Миттал-Стил Теміртау») ААҚ құрынып, металлургия алыбының жұмысы ретке келтірілді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.