Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Николай Александрович Аристов (1847 – 1910) – этнограф. Қазан университетінің заң факультетін бітірген (1864).
ХІХ - ғасырдың 70-жылдары Түркістан өлкесіне келіп, Жетісу облысының әскери губернаторының қарамағында Құлжа істері жөніндегі кеңсенің меңгерушісі болып істеген.[1] 1864–1868 жылы Тобыл губерниясының басқармасында, 1868–81 жылы Жетісу облысы мекемелерінде түрлі әкімшілік қызметтерде болды.
Аристов халық шежіресіне сүйеніп рулық бірлестіктердің таңбаларын зерттеді, тарихи деректер мен жаңадан дамып келе жатқан антропология зерттеулерді негізге ала отырып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздарының этнография құрамының тарихын жазды. «Түркі тайпалары мен халықтарының этн. құрамы жайлы және олардың адам саны жөнінде мәліметтер» аталатын еңбегінде түркі тайпалары мен халықтарының әлемдік тарих сахнасына шығу кезеңінен бастап, 19 ғасырдың аяғына дейінгі тарихы, этнография құрылымы, орналасуы, халқының саны, Қазақстанның Ресеймен, басқа да елдермен қарым-қатынасы туралы деректер берілген.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.