Анталия (ил)
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Анталия (түр. Antalya) — Түркияның оңтүстігіндегі ил. Әкімшілік орталығы — Анталия қаласы.
Ил | |
Анталия | |
түр. Antalya | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Енеді |
19 аудан |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
37°10′54″ с. е. 30°56′00″ ш. б.37.18167° с. е. 30.93333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
20 599 км² (6-шы орын) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
2 364 396 адам (2017)(8-ші орын) |
Тығыздығы |
83,49 адам/км² (28-ші орын) |
Сандық идентификаторлары | |
ISO 3166-2 коды |
TR-07 |
FIPS индексі |
+90 242 |
Пошта индекстері |
07000–07999 |
Автомобиль коды |
07 |
Анталия Ортаққорда |
Анталия Тавр жотасы мен Жерорта теңізінің арасында орналасқан (Анталия бұғазы).
Батыстан шығысқа қарай шекаралас облыстар: Мұғла, Бұрдұр, Ыспарта, Коня, Караман, Мерсін.
Халқы – 1719 мың адам (2000).
Ең ірі қаласы – Анталия (603 мың адам (2000)), Алания, Манавгат, Серік.
Анталя облысы 19 ауданға бөлінеді, 5-еуі Анталия қаласының құрамында.
Анталия облысы — Түркия туризм индустрисінің орталығы, елге келген барлық туристердің 30% Анталияға келеді.
Ауыл шаруашылығы айтарлықтай жақсы дамыған. Басты ауыл шаруашылық өнімдері - мақта, бидай тектес дақылдар, цитрус. Соңғы жылдары гүл өсіру, маусымдық және жылыжай көкөніс өсіру дамып келеді.
Кеме жасау, жөндеу, текстил мен тамақ өнеркәсібі.
Караин шұңқырында табылған адам қалдықтары б.з.д. 100 000 жылға жатады. Ежелгі Анталияның тарихы белгісіз. Хетты дәуірінде Анталия және жанындағы аймақтар Ликия деп аталған.
Юнан кезінде Анталияның батыс бөлігі Ликияға кірген, шығыс бөлігі Памфилияға; солтүстігі Киликия мен Писидия арасында екіге бөлінген.
Анталия б.з.д. 159 жылы грек патшасы Пергама Атталоның қалауымен құрылған және алғашында Атталия деп аталған. Б.з.д. 133 жылы қаланы римдіктер жаулап алып, Адриан императорының қысқы тұрағына айналдырды. Көп жылдар бойы Анталия римдіктердің және кейін Византияның қол астында болды.
VIII ғасырда болған қатты жер сілкінісінен кейін ,бұл өңірде экономикалық құлдырау басталды және бұның себебі ретінде арабтардың және теңіз қарақшыларының шапқыншылығын да алсақ болады. 1080 жылдары селжұқ елінің басып кіруінен кейін, бұл өңірде ислам діні тарала бастады.
1207 жылы селжұқтар Анталияны және соған қатысты барлық жерлерді жаулап алады.1423 жылы Анталияны түрік османдары жаулап алады.
Бұл — Түркия туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.