Тавр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тавр,Торос - Түркияның Оңтүстігінде тау жотасы.Жерорта теңізінің жағалауын бойлай 1000 километрге созылып жатыр.Ол кіші Азия Және Армян таулы қыратының біршама бөлігін қамтиды.Ең биік жері - Демирказык тауы (3726 метр).Тау жотасы әктас және кристалды тақтатастардан түзілген.Таудың ортаңғы бөлігінің жер бедері альпілік сипатта.Батысында қарсты ландшафт,солтүстік беткейлері шөлді және далалы, оңтүстік беткейлерін Жерорта теңіздік ормандар мен бұта шоғырлары жапқан.Тау жоталары терең каньондар,аңғарлармен тілімделген.Батыс бөлігінде бірнеше көлдер тобы (Эгридир,Бейшехир,т.б.) жайғасқан.Жерорта теңізіне жақын өңіріндегі қаңтар айынының орташа температурасы 5 - 12 Цельсий градус,орташа және шығыс бөлігінің температурасы -5 - 7 Цельсий градус,тау бастарында -30 - 35 Цельсий градусқа деійн төмендейді.Шілденің орташа температурасы 15 - 32 Цельсий градус.Жауын-шашынның орташа мөлшері 300 - 500 мм.батысында 1000 мм-ге жетеді.Таудан Ендже,Сейхан,Джейхан,Гексу,т.б. өзендер бастау алады.Жерорта теңізіне қарасты жағалауы дүниежүзілік туристік маңызы бар аймақ болып саналады.Тауға Анталы (Анталия) шығанағы еніп жатыр.Тау жотасында бірнеше ұлттық саябақтар орналасқан.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.