Андрес Эскобар Сальдарриага (ис. Andrés Escobar Saldarriaga; 13 наурыз 1967, Медельин, Колумбия — 2 шілде 1994, сол жерде) — колумбиялық футболшы, Колумбия құрамасында ойнаған қорғаушы. Қаза боларынан 10 күн алдын 1994 жылғы әлем біріншілігінде АҚШ-пен ойында өз қақпасына гол соғып алған[1].
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Андрес Эскобар |
Жалпы мағлұмат |
---|
Толық аты |
Андрес Эскобар Сальдарриага
|
---|
Лақап аттары |
El Caballero del Fútbol (футбол рыцары)
|
---|
Туған күні |
13 наурыз 1967 (1967-03-13)
|
---|
Туған жері |
Медельин, Колумбия
|
---|
Қайтыс болған күні |
2 шілде 1994 (1994-07-02) (27 жас)
|
---|
Азаматтығы |
Колумбия
|
---|
Бойы |
185
|
---|
Салмағы |
77
|
---|
Позиция |
қорғаушы
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Эскобар "Атлетико Насьонал" клубының қорғаушысы болған. 1990 жылғы әлем біріншілігің алдында Швейцарияның "Янг Бойз" клубында ойнады да, туған командасына қайта оралды. 1988 жылы Либертадорес кубогының иегері атанды.
Эскобар екі әлем чемпионатына қатысты (1990, 1994).
1994 жылы Колумбия құрамасы топтық турнирдің алғашқы екі ойынында жеңіліп қалды. Екінші турда Эскобар АҚШ-пен ойында автогол соғып алды да, құрама 1:2 есебімен ұтылып қалды. Топтық турнирден соң Эскобар командаластарымен бірге Колумбияға қайтып келді. 2 шілде күні оны бұзақылар атып өлтірді. Футболшының денесінен кейін 6 оқ табылыпты (кей деректерде 10). Әрбір атқан сайын қылмыскерлер "Гол!" деп айғайлапты.
Кінәлі ретінде қолға түскен Умберто Муньос Кастро әуелде 43 жылға сотталды. 2001 жылы мерзімі 26 жылға дйеін қысқарды да, 2005 жылы тәртібі жақсы деген сылтаумен босатылды.
- Либертадорес кубогы: 1989
- Колумбия чемпионы: 1991, 1994
- Америкааралық кубок: 1989
- Америка кубогының финалисі: 1991
- Колумбияның күміс жүлдегері: 1988, 1990