From Wikipedia, the free encyclopedia
Андаман аралдары — Бенгал шығанағы мен Андаман теңізі арасында жатқан Үнді мұхитындағы аралдар тізбегі. Үндістанның иелігінде. Аралдардың жалпы Аумағы 6,5 мың км². А. а. түбек тәрізді су асты жоталарының биік шоқылары іспетті. Аралдардың айналасын маржан рифтері қоршаған. Жер үсті бедері жанартаулар әрекетінен тілімденген. Оның ең биік жері — Саул-Пик шоқысы (732 м). Жоталардың шығыс беткейлерінің етегі тымық қойнауларға (бухтаға) айналған. Климаты тропиктік муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 40С-ға дейін төмендейді, жазда (шілдеде) ол 260С-ға дейін жоғарылайды. Ауа өте ылғалды, жауын-шашынның орташа мөлш. 2000 мм. Аралдардың көпшілігін тропикті ормандар алып жатыр.
Андаман аралдары ағылш. Andaman Islands | |
Андаман аралдарының орналасуы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 204 |
Ірі аралы | Орташа Андаман |
Жалпы ауданы | 6408 км² |
Ең биік нүктесі | 738 м |
Тұрғындар (2011 жыл) | 343 125 адам |
Халық тығыздығы | 53,546 адам/км² |
Орналасуы | |
12°30′ с. е. 92°45′ ш. б.12.500° с. е. 92.750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Үндістан |
Аймақ | Андаман және Никобар аралдары |
Андаман аралдары Ортаққорда |
Жергілікті халықтар ішінде Жарауа мен Сентинелдіктер кіреді. Кей аралдарына баруға болады, бірақ басқаларына, мысалы Солтүстік Сентинел аралына, заң бойынша баруға рұқсат жоқ. Осылайша мемлекет олардың жеке өмірін қорғауда[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.