From Wikipedia, the free encyclopedia
Альмандин — силикаттар класы гранаттар тобына жататын минерал. Химиялық формуласы: ғе3а12 [§ю4]3. Сингониясы - текшелік, кристалдары додекаэдр түрінде, көбінесе түйірлі агрегаттар құрайды. Түсі — қызыл, күлгін қызыл, қоңыр қызыл, жылтырлығы шыныдай, қаттылығы - 7 - 7,5, жіктілігі жіктелмеген, меншікті салмағы — 4,25. Кристаллы тақтатастар мен гнейстерде кездеседі. Альмандин қажет материал ретінде пайдаланылады, мөлдір қызыл түсті түрі асылтас боп саналады. Кендері Карелияда, Оралда, Шығыс Сібірде белгілі.[1]
Альмандин тау жыныстарында сирек кездеседі. Ол — слюдалы тақтатастардың және пегматит желілерінің негізгі минералы.
Анарлардың жақсы құралған кристалдары Уралда, әсіресе Таганай тауындағы Златоустыға жақын жерде кездеседі. Ол Орта Уралдағы Осиновск мен Глобичинск кендерінен де табылған. Абразив (шарық қайрақ, түрлі қағаз жасауға қолданылатын) анардың ірі кендері — Карелиядағы Шугерецк станцияның қасында да бар.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.