From Wikipedia, the free encyclopedia
Trafigura Pte Ltd — сингапурлық[2] трансұлттық биржалық компания, 1993 жылы негізі қаланған және металл, энергия және көмірсутегі(соның ішінде мұнаймен) шикізатымен саудаға маманданған. Әлемдегі мұнайды жеткізушілер арасында Vitolдан кейін екінші орынды және метал жеткізушілер арасында бірінші орынды алады.[3][4].
Trafigura | |
Түрі | |
---|---|
Құрылды |
1993 |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Клод Дофен, Эрик де Туркхейм, Грэм Шарп, Антонио Кометти, Дэниел Позен, Марк Крэндалл, Джереми Уэйр (CEO) |
Саласы |
Бөлшек сауда |
Өнімі |
қымбат металлдар, көмірсутег шикізаттары |
Операциялық кірісі |
98 млрд. АҚШ доллары (2016)[1] |
Таза табыс |
0,975 млрд. АҚШ доллары (2016)[1] |
Қызметкерлер саны |
4107 (2016)[1] |
Сайты |
"Trafigura" компаниясы 1933 жылы Марк Ричтің компаниялар тобынан бөлініп, Клод Дофен және Эрик де Туркхейммен негізделген. Дүниеден өтуіне (қайтыс боларға) дейін 2015 жылдың қыркүйегінде Дофен компанияның 20%-дан кем акциясына иемденген, қалғаны жоғары буындағы 500 қызметкерлердің меншігінде болды[5]. Компания бірнеше жанжалдарға қатынасты, соның ішінде Кот-д'Ивуардың территориалық суларына қалдық тастағаны (нәтижесінде 100 мың адам зардап шегіп дәрігерге бас, іш аурулары және терінің зақымдануына байланысты қаралды[6]) үшін және Иракка мұнайды азық түлікке айырбастағаны үшін айыпталды.
«Trafigura» компаниясы құбырларды, шахталарды, мыс балқыту зауыттарын, порттарды, қойма терминалдары сияқты нысандардың құрылысына немесе өз меншігіне бөлігін сатып алуына қатысты.[7].
Trafigura Beheer BV компаниясы 1993 жылы Клодом Дофеном, Эриком де Туркхеймом, Грэмом Шарпом, Антонио Кометти, Дэниелом Позеном и Марком Крэндаллом деген алты тұлғамен жекеменшік компаниялар тобы ретінде құрылды.[8][9]. Өзінің 2015 жылдың қыркүйегіндегі ажалына дейін атқарушы директор болған Дофен топтын 20% дейнгі меншігін иеленді. Басқа меншік 700 астам жоғары звонодағы менеджерлер иеленді.[10]. Компания бастапқыда үш өңірлік нарықтарда шикізатты өндіруге бағытталды: Оңтүстік Америка (мұнай және металл), Шығыс Еуропа (металдар) және Африка (мұнай). Содан бері, «Trafigura» әлемдегі өз ықпалын кеңейтті[11].
2013 жылдың қараша айында атқарушы емес директордын орнын бұрынғы Ұлыбританияның Лордтар палатасының төрағасы және Консерватив партиясының мүшесі Томас Гэлбрейт, 2-й барон Стратклайд алатыны жарияланды. 2009 жылы ол хедж-қор тобының басқару кеңесінен Кот-д'Ивуар суларына қалдық тастауға байланысты жанжалмен кетуге мәжбүр болды.[12].
2003 жылы компания өзінің еншілес өнеркәсібі Galena Asset Management-ты құрды[13]. 2010 жылы компания «Норильский никель»інің 8% акциясын сатып алды.[14][15].
2013 жылы ақпан айында «Trafigura» 800 миллионов АҚШ долларын Австралияның энергетикалық нарығына салып, 250 автозаправка, екі мұнай импорты терминалы және бес отын қоймасын еншилес Puma Energy компаниясының үш жеке сатып алуымен ииемденді.[16][17].Бұл кезде Австралияда трейдерлер арасында сұраныстын өсуіне және ескі, қымбат мұнай өндеу зауыттарының жабылуына байланысты энергиямен саудаға қызығушылық артқан еді.[18]. Сол айда Trafigura DT Group бірлескен кәсіпорны анголалық мемлекеттік мұнай компаниясы «Sonangol» пен сығылған табиғи газды экспорттау үшін жаңа Sonaci DT Pte Ltd компаниясын құру туралы келісімге отырды.[19].
2013 жылы наурыз айында «Trafigura» Dar Blend шикі мұнайын Порт-Суданнан әкелу туралы Оңтүстік Суданмен мәмілені жариялады. 2013 жылдың наурызында "Trafigura" Оңтүстік Суданмен Порт-Суданнан Dar Blend шикі мұнайын жеткізу туралы келісім жариялады[20]. Қол қойылған келісім компанияның судандық мұнай нарығында қатысуының жалғасын қамтамасыз етті және Судан мен Оңтүстік Суданның арасындағы кедендік баж және мұнай кірісі туралы ауды шешті.[21].
2013 жылдың қазан айында «Trafigura» компаниясы «Роснефть» компаниясына 5 жылда 10 млн тонна мұнай өнімін тасымалдап, аванстық несиемен қамтамасыз ету мақсатында 1,5 млн АҚШ долларын жұмсады. Бұл келісім «Trafigura» компания үшін ең ірі келісім болды.[22][23] Бір айдан соң, компания Далластық Energy Transfer Partners құбырөткізу операторымен мұнай мен конденсатты 82 мильдік құбыр өткізгішінен Eagle Fird мұнай аумағынан Мак-Малленнен (Техас штаты) Мексика шығанағы маныңдағы Корпус-Кристи айлағына тереңқұбырөткізгішіне дейін өткізу жөніндегі келісім шартқа қол қойылды.[24][25].
2014 жылдың ақпан айында «Trafigura» Фанччэнганда жыл сайын 400 мың тонна мыс өндейтін Jinchuan металл өңдеу заводы мен цехының 30 % акцияларын алу келісім шартқа қол қойды.[26] Сол жылдың шілде айында ол Үндістанда ірі және шағын шығарушылардың мемлекетте сату жүргізу үшін «Lykos» атты онлайн- плотформа қолданысқа шықты[27] және қыркүйек айында Buckeye Partners компаниясының Корпус Кристи (Техас штаты) сақтау терминалындағы 80% бөлігін сатып 860 млн долларлық келісімді аяқтады[7]
2015 жылдың шілде айында «Trafigura» Абу-Дабидің Mubadala Development Company инвестициялық компаниясымен пайдалы қазбаларды өңдеу саласын инвестициялау үшін бірлескен өнеркәсіп (50-де 50) құру туралы жариялады. Келісімшарт аясында «Mudabala» Испанияның оңтүстігінде мыс, мырыш және қорғасын өндіретін үш шахтасы бар «Trafigura» -ға тиесілі Үлгі:Нп3 (Matsa) тау-кен өндіру компаниясының жартысын 50% алды[28]. Бұдан соң тағы да екі шахта жаңартылып, Андалусидің өндірістік қуатын екі еселенді.[29].
2015 жылдың тамыз айында «Impala Terminalsс» еншілес компаниясы Колумбияның ірі порттарымен елдің өндірістік орталығын жалғастыратын мемлекеттік ішкі автомобиль, темір жол және өзен жолдарының жаңа жүйесін әзірлеуге 1 млрд АҚШ доллары Колумбияға инвестиция құйғаны туралы ақпарат алынды. Барранкабермех және Барранкилья (Атлант жағалауы) аралдары арасында ағатын Магдалена өзені шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, құрғақ жүктерді, контейнерлерді және негізгі жүктерді Колумбияның орталығына сондай-ақ орталығынан тасымалдауға мүмкіншілік береді.[30].
2016 жылдын қазан айында "Trafigura" және Ресейлік United Capital Partners инвестициялық компаниясы 2700 жағармай тұрағы барҮндістанның Гуджарат штатында орналасқан мұнай өндіру бойынша екінші Essar Oilдың 24 % акциясын алып отыратын болады.[31][32]. 2017 жылы компания «Укртрансгаз» госкомпаниясына технологиялық газ тасымалдау құқығын иелену үшін конкурсқа қатысқан , «Трафигура Украина» қосалқы жүйесін құрды[33].
2008 жылы компания өз капталы ретінде 2 млрд. АҚШ долларың иемденіп, айналымы 73 млрд. АҚШ долларың, ал табысы — 440 млн. АҚШ долларың құрады[4]. 2010 жылдың наурыз айында «Trafigura» өзінің капитал нарығында алғашқы ұсынысын еурооблигацияда 400 млн. еуро ұсынып жасады.[34] Содан кейін бір айдан соң өзінің бірінші мәңгі бағынысты кредитің Сингапурлық биржаға 7,625% белгіленген мөлшерлемесімен шығарды.[35]. Шығарылым ұзақ мерзімді капиталға 500 млн. доллар әкелді. Бұл халықаралық бухгалтер есебі бойынша компанияның өз капитылы болып ағымдағы акционерлерді әлсіздетпейді.[36][37].
2011 жылы компанияның айналымы 121,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсіп, табысы 1,11 млрд. долларды құрады[38], бірақ 2012 жылы 11% түсті.[39]. 2013 жылы Сингапур биржасының листингінде «Trafigura» алғаш рет I кварталда 216,1 млн. АҚШ доллары табысын көсетіп өзінің қаржылық есебін жариялады(Бұл көрсеткіш алдынғы жылдан 3,2%артық болды). Айналымы алдыңғы жылға қарағанда 7,9% яғни 31,2 млрд. АҚШ долларына өсті.[40]. 2016 жылдың наурыз айында 46 млн. жапон иенасының (413 млн. АҚШ доллар) 2014 жылдың кредитің екі есе ұлғайтқан үш жылдық кредиті жабылды.[41].
Компанияның аты "Мұнайды азық-түлікке айырбастау" атты Ирак еліне көмек көрсету бағдарламасына байланысты жанжалда аталған. Либерияның туы астында жүрген «Essex» мұнай танкері ООН-нан Мина-аль-Бакрдегі негізгі экспорттық терминалынан ирандық мұнайды жүктеуіне рұқсат алды. Ол «Trafigura Beheer BV» компаниясымен сақтандырылды және капитан Теофанис Хиладакистің сөзінше екі рет рұқсат етілген көлемінен асыратын/шамадан тыс заңсыз тауармен жүктелген. Барлығын санағанда ол 272 мың баррель шикі мұнайды өткізді[42]. Бұл 2001 жылдың 13 мамыры мен 27 тамызында болған. «Elf Aquitaine» қызметкерлері 1998 жылы ұқсас сызбасы жайлы баяндады[43]. Бұл тауарларға айырбас ретінде үшін Франция Саддам Хусейнге саяси көмек көрсетті деп есептелген: «Trafigura» компаниясы (Патрик Моранмен көрсетілген/таныстырылған)«Аль-Мада» ирактік газетімен жасалған Хусейнің жақтастары тізімінің "француз бөлімінде" көрінген[44].
2006 жылы Probo Koala кемесі, Панамада «Trafigura» компаниясында тіркелген, Абиджан қаласында қоқыс қалдықтарын тастау үшін жергілікті мердігерлерді жалдады. Бұл Нидерландта қалдықтарды болдырмау үшін, компания Амстердам порт қызметтерінің текше метріне 1000 еуро көлемінде сыйақы төлеуден бас тартқан соң болған.[45] Сол жылдың тамыз айында жергілікті мердігер Томми Абиджан қаласының 12 жеріне тиесілі қалдықтарды тастаған. БҰҰ мен Кот-д'Ивуар Үкіметінің айтуынша, осы химиялық заттарды төгу барысында туындаған газ атмосфераға шығып,17 адамның қайтыс болуына себеп болfан, және тағы 30 мың тұрғын дәрігерлерге бас ауруларынан бастап, трінің күйуі және өкпе аурулары туралы шағымдарын білдіріп, көмек сұраған. Премьер-Министрі Чарльз Konan Банном қаланың барлық тұрғындарына тегін медициналық көмек ұсынғаннан кейін, дәрігерлерге жүз мыңға жуық ивуарийлер қаралған[46]..
"Trafigura" компаниясы «Proba Koala» резервуары шайылғаннан ағынды сулардың лақтырылуы жөнінде мәлімдеді. Нидерландта 2006 жылдың соңында болған тергеу нәтижелері қалдықтың 500 тонна жағармай қосындысы, күкіртсутек, натрий гидроксиды- каустидтік ас содасы екенің көрсетті.Абиджанда болған апаттан кейін кеме Палдиски эстондық портына келді, ол жерде компания голландия полиция қызметкерлеріне кеме бортына кіру мүмкіндігін берді.[45][47][48] Компания қалдықтардың Нидерландтан шығарылғанын жоққа шыгарып, сұйықтықтықта күкіртсутектің мөлшерінің аз болғаның және компания утилизацияның талапқа сай жүргізілмегендігі туралы хабардар болғаның жоққа шығарды. Клод Дофен бастаған компания басшылары және Батыс Африканың аумақтық бөлімшесінің директоры Абиджанға тазарту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету үшін аттанды, алайда олар тұтқындалып қамауға алынды. Компания Кот-д'Ивуар үкіметіне , апат салдарын қалпына келтіруге 198 миллион доллор төлеуге мәжбүр болды, ал үкімет компанияны жайына қалдыруға уәде берді. Дофин және оның серіктерін көп ұзамай босатты.[49]. Дофина и его спутников вскоре освободили[50].
2008 жылы Лонданда Кот-д'Ивуардың 30 мың тұрғыныың «Trafigura»ға қарсы ұжымдық шағымын қарау басталды. 2009 жылы мамыр айында компания Би-би-си телерадиокомпаниясын жала жапқаны үшін сотқа беремін деп қорқытты. «Newsnight» бағдарламасында Би-би-си журналисттері «Trafigura» компаниясы өзінің осы оқиғаға қатысы бар екенің жасырып қалғысы келге деп айтқан сеекілді. 2009 жылдың қыркүйек айында The Guardian газеті компанияның қызметкерлерінің химикалық заттарының қаціпті екендігін растайтын электронды хат-хабарын жариялады. Сондықтан компания шағымды реттеу үшін 30 миллион фунт стерлингің төлеуге мәжбүр болды.[51].2010 жылы Нидерланд соты «Trafigura» ны заңсыз улы отын қалдықтарын Амстердамнан экспорттағаны үшін кінәлі деп тапты.[52].
2007 жылы 24 мамырда Норвегиядағы Гулен коммунасындағы (Согн-ог-Фьюране фюлькесі Sløvåg терминалында Vest Tank компаниясына иесілі цистерна жарылды. Жарылыс бірқатар ластаушы заттардың атмосфераға шашылуына әлеліп соғып, халықтың денсаулығының жай-күйі туралы шағымдардың толқынын тудырды: бас ауруы, құсқысы келу, әлсіздік, бөртпе.[53]. 2008 жылы норвегиялық NRK телерадиокомпаниясы эфирге 50-минуттық «Лас жүк» атты деректі фильмді жарылыстың салдары туралы айтып шығарды. Компания жарылыс кезінде Кот-д'Ивуарда ағызғандай қауіпті химиялық қалдықтарды бейтараптандыру тырысты. Қалдықтарлын иесі «Vest Tank» компанисы жұмыс атқарған «Trafigura» компанисы болып шықты.[54][55][56]. Бірақ «Trafigura»ға қарсы норвегтік билуктен ешқандай айыптау болмады. Ал норвегтік полицияның «Trafigura» қызметкерлерің жауақа шақыру нәтижесіз аяқталды.[57].
2013 жылдың ақпан айында Trafigura Maritime Logistics PTE Limited компаниясының еншілес компаниясы Trafigura Maritime Ventures Limited және Total компаниясының мұнай бөлімшесі жанармай бағасын бекіту жанжалына қатысы бар болып шығып, бұл жағдай оларды Enemalta ұйымдастырған сауда-саттық процесінен алып тасталуына әкелді.[58]. 1999 жылдан 2012 жылға екі компанияға «Enemalta» мұнай үшін 3,2 млрд. АҚШ долларын төледі. «Enemalta»ның барлық сатып алуынан 70% бөлігін құрады.[59].
2016 жылы швейцариялық Public Eye коммерциялық емес ұйымы жоғары концентрациялы күкірті бар "африкалық сападағы" улы отын сату туралы өзінің тергеуінің нәтижесін жарияға шығарды. Бұндай отынды пайдалану экологиялық емес және адам денсаулығына зиянды болды. Осы тауардың саудасына «Trafigura» компаниясының қатысы бар болып шықты.[60][61][62]. Осыған орай Гана 2017 жылдың наурыз айында импорттық дизель отынына шекті рұқсат етілген күкірт концентрациясы мөлшерін 1 млн.-ға 3000-нан 50 бірлікке (Еуропалық стандарт 1 млн.-ға 10 бірлік) дейін төмендетті.[62][63]. Компания баяндаманы сынға алып тек қана заңды негiздерде[61] отын жеткізетінің және тек елдердің үкіметтері импортталатын отынның стандарттарын орнататының мәлімдеді[64].
«Trafigura» 36 елде 65 офистармен оның ішінде Ресейде де иеленеді.[65]. Тәуелсіз физикалық тауарлырды жеткізушілер арасында үшінді орынды Vitol мен Glencoreнан кейін алады.[4][66][67]. Компанияның жеткізетін реесурстарға мұнай, өңделген мұнай және түсті металл (және де темір рудасы мен көмір) жатады.[11][68]. Компанияның айналымының 13% тің түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш, алюминий), темірді және көмірді сату құрады. Сатылған тауарлырдың барлық көлемі 8,2 млн. т метал концентранты және 6,6 млн. т тазартылған металл құрады.[69].
Пайдалы қазбаларды сатылған жалпы көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 13% және 59 млн. тоннаға дейін өсті.[70]. Мұнай және мұнай өнімдерін сауда көлемі 2016 жылы (2015 жылы бұл көрсткіш 3 млн. баррель құрап 42% көтерілді) күніне 4,3 млн. баррель құрады[71]. 2016 жылдың қазан айында «Trafigura» компаниясы танкерлер иеленушілер нарығынан шығатының белгілеп қытайлық Bank of Communications Financial Leasing Co банкіне орта классты бес танкерді сатты.[72].
Арбитражға негізделген өзінің бизнес моделіне қолдау ретінде компания еншілес өндірістік өнеркесіптері арқылы жабдықтау, сақтау және логистиканы бақылауды қамтамасыз етеді.Мысалы мұнайды сақтау және бөлу «Trafigura» 49% акциясын иемденген Puma Energy компаниясына жүктелген.[73]. Құнды қағаздарды сату 2003 жылы тауар қорларына инвестициялау үшін құрылған Galena Asset Management арқылы жүзеге асырылады.[11][74].
Forbes журналының Ресей экспорт мұнайының ірі сатып алушыларының 2015 жылғы рейтингіңде «Trafigura» төртінші орынды 12,9 млн тонна көлеміндегі сатуп алумен алды. Мұнайда Ресейде компанию Приморск, Усть-Луга, Новороссийск, Козьмино порттары арқылы сатып алады.[75]
Атап айтқанда ол ООО «Первый мурманский терминал»сының (Мурманск теңіз балық портының жалға алынған нысандарында жеңіл мұнай өнімдерінің экспорттық тиеуімен айналысады) 9,75% акцисын иеленеді.[76].
Trafigura құрамына кіретің ірі халықаралық компаниялар:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.