From Wikipedia, the free encyclopedia
Swatch (Суоч) — Швейцариялық сағат маркасы, Swatch Group (The Swatch Group Ltd.) холдинінің құрамына кіреді. [1].
Swatch компаниясының негізін 1983 жылы Николас Джордж Хайек құрды. Бұдан бір жыл бұрын кәсіпкер швейцариялық кредитор —банктерінің бірқатарынан екі ірі сағат компанияларын — ASUAG және SSIH ( Omega, Tissot, Rado, Longines және т.б. маркаларды иеленген) сатып алды.[2]. Swatch кварцтан жасалған арзан сағаттарымен сағат нарығын жаулап алған жапон сағаттарына қарсы құрылған тауарлық белгі болып саналады. Компанияның негізгі мақсаты синтетикалық материалдарды қолдану және сағат жинаудағы су жаңа технологияны пайдалану арқылы қарапайым сағатардың халық арасындағы дәрежесін қайтару болатын. Нәтижесінде, сағаттардың дизайні де қайта қаралып, 1983 жылы өзінде жоғары сапа мен қол жетімді бағаны қатар иемденген алғашқы сағаттар сатылымға түсті.
Swatch тауарлық белгісінің атауы «Swiss Watch» (Швейцариялық қолсағат) сөз тіркесінен шыққан деп саналады. Алайда, Николас Джордж Хайектің айтуынша бұл атау шын мәнінде «Second Watch» (Екінші қолсағат) сөз тіркесінен шыққан, яғни күнде қолдануға болатынб қол жетімді аксессуар деген мағынаны білдіреді[3].
Компанияның дауыс беру құқығына ие акциялардың ең ірі пакеті (41 %) Хайек әулиетіне тиесілі [2].
Swatch 1996, 2000 және 2004 жылғы Жазғы Олипиада ойындарының ресми хронометристі қызметін атқарды. Сонымен қатар, Swatch жағажай волейболы чемпионатының демеушісі болып табылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.