«Rule, Britannia!» (қаз.Басқар, Британия!) — Джеймс Томсонның1740 жылғы «Rule, Britannia» поэмасы бойынша Томас Арнның сол жылы жазылған музыкасына арнап жазылған британпатриоттық әні. Ән Ұлыбритания әскери-теңіз күштерімен тығыз байланысты, бірақ Британ әскерімен де қолданылады.[1]
Джеймс Томсонмен және Дэвид Моллетпен жазылып, 1740 жылғы 1 тамызда Уэльс ханзадасы ФредериктіңКливденде орналасқан қала сыртындағы үйінде алғаш рет орындалған ән, бастапқыда Томас АрнныңҰлы Альфред туралы маскасының соңғы музыкалық нөмірі болған.[2]
Бұл жұмыс алғашында Уэльс ханзадасы Фредериктің атасы I Джордждың билікке келуін және Августа ханшайымның туған күнін атап өту үшін жасалу ойластырылған.[3]
Ән әрбір шумақтан кейін қайталанатын екі жолдан құралған қайырмасымен танымал:
Rule, Britannia! Rule the waves:
Britons never shall be slaves.
Аудармасы:
Басқар, Британия! Толқындарды басқар:
Британдықтар ешқашан құл болмайды.
London Daily Post, 2 August 1740, cited in "The Celebrated Ode in Honour of Great Britain, Called 'Rule, Britannia'". The Musical Times41 (686): 228–231. 1 April 1900. doi:10.2307/3368400. JSTOR3368400.