From Wikipedia, the free encyclopedia
Microsoft OneDrive - (қысқаша — OneDrive; бұрында SkyDrive, Windows Live SkyDrive; алғашында Windows Live Folders) 2007 ж. тамызда Microsoft[1][2][3] компаниясы шығарған бұлттық ақпарат сақтауға арналған интернет-сервисі. Windows Live қызметінің бір бөлігі болып табылады.
Бастапқы ауторлары | Microsoft |
---|---|
Құрастырушы | Microsoft |
Ағымдағы нұсқасы | тамыз 2007 жылы |
Тұрақты нұсқасы |
2012 (құрастырма 16.4.8019.827) / 14 тамыз 2012 жыл |
Платформасы | Интернет-сервис |
Түрі | Бұлттық ақпарат сақтау сервисі |
Веб-сайт | onedrive.live.com |
OneDrive сервисі 7 ГБ-қа дейін мәлімет[4] (немесе тегін жаңарту арқылы 25 ГБ-қа дейін көбейтуге болады) сақтауға мүмкіндік береді. Осының арқасында қолданушы өзіне қажетті құжаттарды кез-келген жерден ғаламтор арқылы жүктей алады. OneDrive сервисі арқылы суреттерді, құжаттарды, музыка т.б. заттарды сақтауға болады. Суреттерді алдын-ала эскиз түрінде немесе слайд түрінде көрсе болады. Әр ай сайын 17 миллионға жуық пайдаланушылар файлдарды жүктеп алады.
Android, iOS, Windows Phone, Windows (соның ішінде Windows 8), Mac OS X операциялық жүйелеріне арналған нұсқалары шығарылған.
Office Web Apps Microsoft SkyDrive сервисіне Office Web Apps құралын қосты. Бұл жаңартудың нәтижесінде қолданушылар Microsoft Office құжаттарын тікелей браузерден жүктеп, өңдеп және бөлісуге мүмкіндік береді. Яғни қолданушылар Word, Excel, PowerPoint и OneNote құжаттарын тікелей браузерден көріп және өңдей алады. 2012 жылдың 14 тамызындағы жаңартуынан кейін SkyDrive-тің Windows Vista, Windows 7, Windows 8 және Mac OS X операциялық жүйелеріне арналған нұсқалары көптеген жақсартуларға ие болды. Оның ішінде файлдарды іздеу тездетілді және оларды сұрыптау жақсартылды.
SkyDrive Microsoft Office құжаттарынан басқа PDF және ODF форматтарымен жұмыс істей алады.
Бірнеше файлдар бір ғана архивпен жүктеле алады. Бір жүктегенде 4 ГБ немесе 65 000 файлға дейін шектеу бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.