норвегиялық музыкалық дуэт From Wikipedia, the free encyclopedia
Marcus & Martinus (қаз. Маркус және Мартинус, кейде M&M лақап атымен танымал, шынайы есімдері — Маркус Гуннаршен (норв. Marcus Gunnarsen) және Мартинус Гуннаршен (норв. Martinus Gunnarsen); 21 ақпан 2002, Эльверум, Хедмарк, Норвегия) — ұқсас егіз ағайынды бауырлардан құралған норвегиялық дэнс-поп дуэті.[1][2] 2012 жылдан бері дуо төрт студиялық альбом шығарды: «Hei», «Together», «Moments» және «Unforgettable». 2024 жылы «Eurovision 2024» ән байқауында «Unforgettable» әнімен Швеция атынан өнер көрсетіп, 9-орынды иеленді. Ән байқауы 2024 жылдың мамыр айында Швецияның Мальмё қаласында орын алды.
Marcus & Martinus Маркус және Мартинус | |
Маркус (сол жағында) және Мартинус (оң жағында) 2024 жылы | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Жанры |
|
Белсенділік жылдары |
2012—қазіргі күн |
Мемлекет | |
Қайдан |
Эльверум, Хедмарк, Норвегия |
Басқаша атауы |
M&M |
Лейблі |
Universal Music Group |
Топ құрамы |
Маркус Гуннаршен |
marcusandmartinus.com | |
Marcus & Martinus |
2012 жылы Маркус және Мартинус «Melodi Grand Prix Junior» байқауының он бірінші маусымының қатысушылары болды.[3] Байқау Норвегияның Осло қаласындағы «Oslo Spektrum» аренасында өтті және оны Маргрете Рёд пен Tooji жүргізіп, Norwegian Broadcasting Corporation (NRK) тікелей эфирде көрсетті.[4] Олар «To dråper vann» (қаз. Екі тамшы су) әнімен байқауда жеңіске жетті.[5] Ән Норвегиялық синглдер чартында сегізінші орынға жетті.
2015 жылдың 23 ақпанында олар өздерінің «Hei» (қаз. Сәлем) дебюттік студиялық альбомын шығарды.[6] Альбом 35 апта бойы чартта болған соң 2015 жылдың 46-аптасында (15 қараша 2015 жыл) Норвегиялық альбомдар чартында 1-орынға шықты, соңғы 20 апта бойы үздік ондықтан түспеді.[7] Альбом құрамына «Plystre på deg» (қаз. Саған ысқыру) синглі кіреді.[8] 2015 жылдың 24 шілдесінде олар Katastrofe әншісімен бірге «Elektrisk» (қаз. Электрлі) синглін шығарды. Ән Норвегиялық синглдер чартында үшінші орынға жетті. 2015 жылдың 25 қыркүйегінде олар Innertier-мен бірге «Ei som deg» (қаз. Сен сияқты біреу) синглін шығарды. Ән Норвегиялық синглдер чартында он бесінші орынға жетті. 6 қарашада олар Hei альбомының екінші нұсқасын шығарды, «Hei (Fan Special)» сол әндерден және кейбір толықтырудан тұрады, толықтырудың бірі — Elektrisk. 2016 жылдың мамыр айында дуэт үш сингл шығарды. Madcon-мен бірге шығарылған бірінші «Girls» (қаз. Қыздар) синглі Норвегияда 1-орында дебют жасады[9] және Швецияда үздік жүздікке енген олардың «Elektrisk» әнінен кейінгі екінші синглі болды. Екінші және үшінші «Heartbeat» (қаз. Жүрек соғысы) және «I Don't Wanna Fall in Love» (қаз. Мен ғашық болғым келмейді) синглдері «Girls» синглі шыққаннан бірнеше күннен кейін сәйкесінше 21 және 37 нөмірлермен дебют жасады. «Girls» синглін «Light It Up» (қаз. Жарықтандыр) және «One More Second» (қаз. Тағы бір секунд) синглдарымен жалғастырды. 2016 жылдың қараша айында олар «Together» (қаз. Бірге) атты алғашқы ағылшын тіліндегі альбомын шығарды. Альбомға олардың «Girls», «Heartbeat», «Light It Up» және «One More Second» хит әндері кіреді. Альбом шығарылғаннан бір аптадан кейін «Together» Норвегия мен Швецияда 1 және Финляндияда 6-нөмірде дебют жасады. 2016 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының концертінің жас таланттар байқауының аясында олар 2016 жылдың 11 желтоқсанында Норвегиядағы «Теленор Аренада» «Without You» және «Bae» әндерін орындады.[10][11]
Маркус және Мартинус 2017 жылдың 28 қаңтарында Финляндияның Eurovision 2017 ән байқауына «Uuden Musiikin Kilpailu» іріктеу байқауында өздерінің «Bae», «Light It Up» және «Girls» синглдерінен попурри орындап, қатысушылары болды. 13 мамырда Маркус және Мартинус «Eurovision 2017» ән байқауында ән байқауында Норвегия атынан қазылар алқасының ұпайларын жариялады.[12] 2017 жылдың 21 мамырында олар америкалық рэпер Silentó-мен бірге «Like It Like It» синглін шығарды. 1 шілдеде олар «First Kiss» синглін шығарды.[13] Сол айда, 14 шілдеде, олар Швеция тақ ханшайымы Викторияның 40 жасқа толған туған күнінде оған арнайы жазылған «On This Day» әнімен өнер көрсетті. Шілденің соңында «Dance with You» синглін шығарды. 2017 жылдың 15 қазанында «Make You Believe in Love» синглін шығарды. Сингл Норвегияда 34-орынға және Швецияда 47-орынға жетті. Сонымен қатар, сингл 2018 жылы CelebMix-тің 21 жасқа дейінгі 21 әнінің құрамына кірді.[14] 4 қараша күні олар «One Flight Away» синглін шығарды. 15 қарашада «Never» синглін шығарды. 2017 жылдың 17 қарашасында өздерінің «Moments» (қаз. Сәттер) атты үшінші студиялық альбомын шығарды.[15] 2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Invited» синглін шығарды.[16]
2019 жылы өздерінің алғашқы «Soon» (қаз. Жақында) атты шағын альбомын шығарды. 2020 жылы олардың «Love You Less» және «It's Christmas Time» атты екі синглдері жарық көрді.[17] 2021 жылы Стиг Бреннер Маркус және Мартинуспен бірге «Miserabel» синглін шығарды. Сонымен қатар, Маркус және Мартинус латын өнерпазы Алекс Роузбен бірге Норвегиялық синглдер чартында 20-орынға жеткен «Belinda» синглін шығарды. Қараша айында олар Бруно Мартинимен бірге «Feel» әнін шығарды.[18]
2022 жылдың көктем мезгілінде Маркус және Мартинус «Masked Singer» байқауының «Masked Singer Sverige» атты швед нұсқасында жеңіске жетіп, бірінші орынды бөліскен алғашқы дуэт болды.[19] Сонымен қатар, дуэт 2022 жылы «When All The Lights Go Out» атты алғашқы синглін шығарды.[20]
2023 жылы Маркус және Мартинус «Melodifestivalen 2023» ән байқауына «Air»[21] әнімен қатысып, Лориннің «Tattoo» әнінен кейін екінші орынға ие болды.[22] «Air» синглі «OGAE Екінші мүмкіндік байқауында» жеңіске жетті, бұл Швецияға жалпы есепте 19-жеңісті алып келіп, ал Норвегия мен Финляндия үздік үштікті түйіндеді. Маркус және Мартинус 2024 жылы «Melodifestivalen 2024» ән байқауына қайтадан «Unforgettable» әнімен қатысты.[23][24] 9 наурыз күні дуэт 177 ұпаймен «Melodifestivalen» жеңімпазы атанды және Мальмёда өткен «Eurovision 2024» ән байқауында қабылдаушы ел Швецияның атынан өнер көрсетті.[25][26] Финалда дуэт 174 ұпаймен тоғызыншы орынды иеленді.[27]
Маркус және Мартинус Кьель-Эрик пен Герд Энн Гуннаршеннің үлкен балалары. Сонымен қатар, олардың 2008 жылы 17 маусымда дүниеге келген Эмма есімді музыкалық мансабын бастаған кіші қарындасы бар.[28] Отбасыда Тико есімді ит те бар.[29][30]
Маркус қазір Нора Фоссленд Гартландпен қарым-қатынаста.[31][32][33]
Marcus & Martinus норвегиялық поп дуэті 2012 жылдан бері 4 студиялық альбом, 1 шағын альбом және 37 сингл шығарды.
Атауы | Ақпарат | Чарттағы ең жоғарғы позициялар | |||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
NOR [34] |
AUT [35] |
BEL (FL) [36] |
DEN [37] |
FIN [38] |
NLD [39] |
POL [40] |
SWE [41] | ||||||||||||
Hei |
|
1 | — | — | — | — | — | — | 2 | ||||||||||
Together[42] |
|
1 | — | — | 11 | 6 | — | 19 | 1 | ||||||||||
Moments |
|
1 | 51 | 173 | 3 | 2 | 98 | 49 | 1 | ||||||||||
Unforgettable |
|
— | — | — | — | — | — | — | — | ||||||||||
"—" чартта жоқ немесе сол аумақта шығарылмаған синглді білдіреді. |
Атауы | Ақпарат |
---|---|
Soon |
|
Жыл | Атауы | Чарттағы ең жоғарғы позициялар | Альбом | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
NOR [34] |
FIN [44] |
IRE [45] |
LTU [46] |
NLD [39] |
SWE [41] | |||
2012 | To dråper vann | 8 | — | — | — | — | — | Hei |
2013 | Leah | — | — | — | — | — | — | |
2014 | Du | — | — | — | — | — | — | |
Smil | — | — | — | — | — | — | ||
2015 | Plystre på deg | — | — | — | — | — | — | |
Elektrisk (Katastrofe-мен бірге) |
3 | — | — | — | — | 8 | Hei (Fan Spesial) | |
Ei som deg (Innertier-мен бірге) |
15 | — | — | — | — | — | ||
Alt jeg ønsker meg | — | — | — | — | — | |||
2016 | Girls (Madcon-мен бірге) |
1 | — | — | — | — | 40 | Together |
Heartbeat | 21 | — | — | — | — | 61 | ||
I Don't Wanna Fall in Love | 37 | — | — | — | — | — | ||
Light It Up (Samantha J-мен бірге) |
9 | — | — | — | — | 23 | ||
One More Second | 30 | — | — | — | — | 57 | ||
Go Where You Go | — | — | — | — | — | — | ||
Without You | — | — | — | — | — | — | ||
2017 | Bae | — | — | — | — | — | — | |
Like It Like It (Silentó-мен бірге) |
16 | — | — | — | — | 48 | Moments | |
First Kiss | — | — | — | — | — | 52 | ||
Dance with You | 40 | — | — | — | — | 48 | ||
Make You Believe in Love | 34 | — | — | — | — | 47 | ||
One Flight Away | — | — | — | — | — | 79 | ||
Never (Omi-мен бірге) |
— | — | — | — | — | — | ||
2018 | Remind Me | — | — | — | — | — | 63 | |
Invited | — | — | — | — | — | — | Soon | |
2019 | Pocket Dial | — | — | — | — | — | — | |
2020 | Love You Less | — | — | — | — | — | — | Non-album singles |
It's Christmas Time | — | — | — | — | — | — | ||
2021 | Belinda (Álex Rose-бен бірге) |
20 | — | — | — | — | — | |
Feel[47] (Bruno Martini бірге) |
— | — | — | — | — | — | ||
2022 | When All the Lights Go Out[48] | — | — | — | — | — | — | Unforgettable |
Wicked Game[49] | — | — | — | — | — | — | ||
Gimme Your Love[50] (with Medun) |
— | — | — | — | — | — | ||
2023 | Air | — | — | — | — | — | 4 | |
247365 | — | — | — | — | — | — | ||
Christmas to Me | — | — | — | — | — | 54 | Non-album singles | |
2024 | We Are Not the Same[51] (bbno$ бірге) |
— | — | — | — | — | — | Unforgettable |
Unforgettable | 26 | 19 | 92 | 10 | 75 | 1 | ||
"—" чартта жоқ немесе сол аумақта шығарылмаған синглді білдіреді. |
Жыл | Қазақ тіліндегі атауы | Түпнұсқа атауы | Рөлдері | Ұзақтығы | Жазба | Дер. |
---|---|---|---|---|---|---|
2017 | Арман туралы бірге | Sammen om drømmen | Өз-өздерін | 86 мин (1 сағ, 26 мин) | Стандартты шығарылымға арналған деректі фильм | [52] |
Маркус және Мартинус — Балалар поп-жұлдыз болған кезде | Marcus & Martinus - Når barn blir popstjerner | 44 мин (0 сағ, 44 мин) | TVNorge және DPlay арналарында деректі телефильм | [53] |
Жыл | Атауы | Рөлдері | Эпизодтар саны | Жазба | Дер. |
---|---|---|---|---|---|
2015 | MMsnutt | Өз-өздерін | 6 (1 маусым) | DPlay арнасындағы деректі сериал | [54] |
2016 | MMnews | 8 (1 маусым) | DPlay арнасындағы жаңалықтар сатирасы | [55] | |
2017 | Marcus & Martinus | 6 (1 маусым) | TVNorge арнасындағы деректі сериал | [56] | |
2024 | Marcus & Martinus: Resan till Eurovision | 4 (1 маусым) | SVT арнасындағы деректі сериал | [57] |
Жыл | Ұйым | Марапат | Жұмыс | Нәтиже | Дер. |
---|---|---|---|---|---|
2017 | Spellemannprisen '16 | Årets Låt (Жыл әні) | «Girls» | Номинация | |
Årets Spellemann (Жыл әртісі) | Marcus & Martinus | Жеңіс | |||
2018 | MAD Video Music Awards | Үздік халықаралық акт | Жеңіс | [61] |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.