Моғолдардың үшінші падишасы, Бабырдың немересі, Әмір Темірдің ұрпағы From Wikipedia, the free encyclopedia
I Акбар (урду: جلال الدین محمد اکبر) — Ұлы Моғолдар патшалығы 3-ші падишаһы, қолбасшы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың немересі, Хумаюнның үлкен баласы.
I Акбар جلال الدین محمد اکبر | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
27 қаңтар 1556 — 17 қазан 1605 | |||
Ізашары | Хумаюн | ||
Ізбасары | Жаһангір | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 14 қазан 1542 Омаркот, Ұлы Моғолдар патшалығы | ||
Қайтыс болуы | 17 қазан 1605 (63 жас) Агра, Ұлы Моғолдар патшалығы | ||
Жерленді | Акбар кесенесі, Агра | ||
Әкесі | Хумаюн | ||
Анасы | Хамидабану бегім | ||
Жұбайы | Рүкия бегім Салима бегім Джодха бегім | ||
Балалары | Ұлдары: Хасан мырза Құсайын мырза Жаһангір Мұрат мырза Даниял мырза Хүшрі мырза Қыздары: Арамбану бегім Шаһрунниса бегім Ханымсұлтан бегім | ||
I Акбар Ортаққорда | |||
өңдеу |
Оның тұсында Ұлы Моғолдар патшалығы өзінің шарықтау шыңына жетті: мәдениет, өркениет, ғылым, өнер, әсіресе, сәулет өнері жоғары деңгейге жетті; ірі мешіттер, көптеген ғибадатханалар ашылды; терең құдықтар, әсем мазарлар салынды; I Акбардың дінге еріктілік саясатына сәйкес жизия салығы жойылып, үнді халқының әл-ауқаты жақсарды.
Толық атағы: Ағзам сұлтан әрі Мәртебелі қаған, Әділ имам, Ислам сұлтаны, Мүміндер әмірі, Үндістан билеушісі, Жоғарғы халиф, Әбілфатх Жалалуддин Мұхаммед Акбар, Заман иесі, Жеңімпаз падишаһ, Алланың көлеңкесі, Үнділер мен Моғолдар сұлтанатының шаһиншаһы (урду: әс-Сұлтан үл-Ағзам уә-л-Хақан үл-Мүкаррам, Имам-и-Әділ, Сұлтан үл-Ислам, Каффатт үл-Анғам, Әмір үл-Мүминин, Мәлік-и-Үндістан, Халифат үл-Мүтғали, Әбілфатх Жалалуддин Мұхаммед Акбар, Сахиб-и-Заман, Падишаһ-и-Ғази, Зиллулла, Шаһиншаһ-и-Сұлтанат-үл-Хиндия-уә-л-Мұғалия.
I Акбар 1542 жылдың 14 қазанында Омаркот қаласында Ұлы Моғолдар падишаһы Хумаюн мен Хамида Бану бегімнің шаңырағында дүниеге келді.
Мальваны, Раджпутананы, Гуджаратты, Бенгалияны, Аудты, Бихарды, Синдті, Кашмирді жаулап алып, өз тұсында патшалық жерін едәуір ұлғайтты және Ұлы Моғолдар әулетінің билігін нығайта түсті. Елде әкімшілік, әлеуметтік және әскери жаңартпаларды жүзеге асырды. I Акбар дүниетанымы кең, рухани бай адам болған. Ол бүкіл болмыстың біртұтас және оның себебі бір екенін жақсы түсініп, сол кездегі үнді жеріндегі түрлі діни көзқарастарды біріктіруге ұмтылды. Сондықтан ол "дін-и илаһи" (Құдай діні) атты жаңа дін енгізді. Бұл исламды, индуизмді, буддизмді, зороастризмді, джайнизмді және христиандықты біріктіруге ұмтылған талпыныс еді. I Акбар тұсында Үндістанда сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері салынды: Қызыл форт (1565-1574), Фатехпур Сикри қаласы (1569-1574), Аймер форты (1564-1573), Делидегі Сарай қақпасы (1560), Лал-Кила (1586-1618) және т.б. Олардың құрылысында мұсылман сәулет өнері мен үнді дәстүрінің озық үлгілері жарасымды пайдаланылған[1].
I Акбар тұсында Ұлы Моғолдар патшалығының шекарасы кеңейді. Оның құрамына шығыс пен оңтүстікке Бенгалия, Орисса, Гуджарат, Кашмир субалары, Хандеши сұлтандығы мен Ахмеднагар енді. Солтүстікте Ираннан тартып алынған маңызды сауда орталығы Кандагар қаласын қосып алды. Акбардың алдыңғы билеушілерден ерекшелігі өзіне қызметке үнді шонжарларын тартуы еді. Мұнымен қатар ол үнді саудагерлерімен де жақсы қатынаста болды. Оның тұсында индуизмге табынғанды қудалау тоқтатылды, үнді тұрғындары өте ауыр жизия жан басы салығынан босатылды. 1593 жылы дін сенімдегі еркіндікке байланысты жарлық шығарылды. Алдын зорлап мұсылман дініне өткізілген үнділердің барлығына дін еркіндігі берілді. Акбар тұсында да салық жүйесі реттелді. Акбардың жарлығы бойынша бүкіл Үндістанда жерді өлшеудің бірдей түрі енгізілді. Өте үлкен Ұлы Моғолдар патшалығы Акбар тұсында 15 субаға (облысқа) бөлінді. Субаларды падишаһтың наменгерлері (субадарлары) басқарды. Акбар Үндістанның ирригациялық жүйесін кеңейтті. Акбардың барлық саясат мемлекетті орталықтандыруға, падишаһ билігін нығайтуға бағытталды. Бірақ ол феодалдық ортаның салт-дәстүрін, ру-тайпалық қатынастың, Үндістанның әлеуметтік құрылысын ескермей кете алмады. Сондықтан оның құрған басқару жүйесі өзінен алдыңғы мұсылман билеушілерінен мүлде басқа болды деу қиын. Орталық үкімет әскери, қаржы және сот мекемелеріне бөлінді. Акбар тұсында көптеген құрылыстар салынып, елордасы Дели сол кездегі қалалардың ішіндегі ең гүлденген қалалардың біріне айналды[2].
I Акбар билеген жылдарының екінші жартысы мәдениет, өркениет, ғылым және өнердің дамуымен өтті. Әрине, бұл тек падишаһтың еңбегі емес, бұл оның уәзірлерінің де еңбегі. Осы уәзірлерден тұратын Акбардың үкіметі Наваратнас, яғни хиндиден аударғанда — Тоғыз қазына деген атаумен Үндістанның тарихында қалды. Бұл атау осы үкіметтегі мүшелердің санына сілтейді, яғни Акбардың уәзірлерінің саны тоғыс болған, ол мыналар:
№ | Атағы, есімі, лақап аты | Өмір сүрген жылдары | Лауазымы |
---|---|---|---|
1 | Шейх Әбілфазыл Аллами | 1551-1602 | Ұлы уәзір |
2 | Раджа Тодар Мал | т.ж.б.-1589 | Қаржы уәзірі |
3 | Тансен Миян | 1506-1589 | Мәдениет уәзірі |
4 | Раджа Бирбал | 1528-1586 | Сыртқы істер уәзірі |
5 | Шейх Әбілпейіз Пейізи | 1547-1595 | Білім беру уәзірі |
6 | Раджа I Ман Сингх | 1550-1614 | Моғол әскерінің штаб бастығы |
7 | Ханзада Әбдірақым Хан-е-Хана | 1556-1627 | Қорғаныс уәзірі |
8 | Молла До-Пияза | 1582-1620 | Ішкі істер уәзірі |
9 | Шейх Азиуддин Пақыр | т.ж.б.-қ.ж.б. | Діни істер уәзірі |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.