Ұлы Моголдар әулеті - Үндістандағы билеушілер әулеті (1526-1858). Оның негізін салушы - Бабыр (Темір әулетінен) Моголстаннан шықты, ол кезде Орта және Орталық Азия осылай аталды, "Моголдар" (үндіше "Мухгал") әулетінің атауы осыдан шыққан.
Бұл әулетті 17 ғасырда Еуропа саяхатшылар Үлы Моголдар деп атады. Ұлы Моголдар мемлекеті орталықтандырылған феодалдық монархия болған. Ол 17 ғасырда бүкіл Үндістанды (Қиыр оңтүстіктен басқа) және Кабулды біріктірді. Алайда сол кездің өзінде-ақ байқала бастаған ішкі дағдарыс Аурангзеб өлгеннен (1707) кейін, мемлекеттін ыдырауына әкеп соқтырды.
Ұлы Моголдар әулетінің өқілдері:
Бабыр (1526 - 1530 жылдары билік етті)
Құмайын (1530-39, 1555-56)
Ақбар (1556-1605)
Жаһангір (1605-1627)
Шаһ-Жахан (1627-1658)
Аурангзеб (1658-1707)
Бахадур-шаһ (1707-1712)
Жахандар-шаһ (1712-1719)
Фаррук Сий-Сийяр (1713-1719)
Мұхаммед-шаһ Аламгір ІІ (1754-1759)
Шаһ Адам ІІ (1759-1806)
Ақбар ІІ (1806-1837)
Бахадур-шаһ ІІ (1837-1858)
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.