II Әбділмәжит
From Wikipedia, the free encyclopedia
II Әбділмәжит (осман. عبد المجید ثانی — ʿAbdü'l-Mecîd-i sânî, түр. II. Abdülmecid[3][4]; 29 мамыр 1868, Долмабахче сарайы, Ыстанбұл — 23 тамыз 1944, Париж) — Осман империясының 32-ші сұлтаны Әбділғазиздың алты ұлының бірі және 1922—1924 жылдары басқарған 102-ші, яғни соңғы ислам халифасы; 1926 жылдың 16 мамырынан 1944 жылдың 23 тамызы аралығында — Османлы әулетінің отағасы, суретші һәм музыкант.[5]
II Әбділмәжит عبد المجید ثانی - Abdü'l-Mecîd-i sânî | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
18 қараша 1922 — 3 наурыз 1924 | ||||
Ізашары | VI Мехмет | |||
Ізбасары | халифат жойылды | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | сүнни ислам | |||
Дүниеге келуі | 29 мамыр 1868 (1868-05-29) Бешикташ, Ыстанбұл, Осман империясы | |||
Қайтыс болуы | 23 тамыз 1944 (1944-08-23) (76 жас) Париж, Франция | |||
Династия | Османлы әулеті | |||
Әкесі | Әбділғазиз | |||
Анасы | Қайранәділ қатын | |||
Жұбайы | Шаһсуар қатын (1896 бастап) Хайрүнниса қатын (1902 бастап; 1936 жылы қайтыс болған)[2] Михримаһ Бихруз қатын (1912 бастап) Әтие Мехисти қатын (1912 бастап) | |||
Балалары | Шаһзада Омар Фаруқ, Дүррішаһуар сұлтан | |||
өңдеу |
Немере ағасы Мехмет Уәхидеддін тақтан безіп, елден қашып кеткен соң, Осман империясының халифаты сұлтандықтан бөлініп, сұлтан билігі жойылды. 1922 жылдың 18 қарашасында Ұлы ұлттық мәжілісінің шешімі бойынша, халифа лауазымына Әбділмәжит тағайындалды. Ол «мұсылман үмметтінің халифасы» (түр. halîfe-i Müslimîn) атағын 1924 жылдың 3 наурызына дейін, Османлы халифатын ресми түрде аяқтаған № 431 Заң қабылданғанға дейін иеленді. Түркия һәм дүниежүзілік тарихқа Әбділмәжит соңғы османлы халифасы (түр. Son Osmanlı Halifesi) ретінде кірді.[1]