Түрік тілі
түркі тілдерінің бірі, Түркияның мемлекеттік тілі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Түрік тілі — дүние жүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін тіл, түркі тілдерінің ішіндегі ең көп тарағаны. Түрік тілінде сөйлеушілер негізінен Түркияда шоғырланған, Кипр, Болгария және Шығыс Еуропаның басқа да аймақтарында да тұрады. Батыс Еуропадағы, әсіресе Германиядағы бірнеше миллион иммигрант қауымы да түрікше сөйлейді.
Түрік тілі Türkçe | ||
---|---|---|
: | ||
Айтылуы: | IPA: [ˈt̪yɾkˌt͡ʃe] | |
Сөйлеу орны: | Түркия, Солтүстік Кипр, Болгария, Македония, Қособа, Румыния, Кипр, Әзірбайжан тағы да Германия, Франция, Нидерланд, Аустрия, Өзбекстан, Құрама Патшалық, АҚШ, Бельгия, Швейцария, Италия және түрік шетжұрты тұратын басқа елдерде | |
Аумағы: | Анадолы, Кипр, Балқан түбегі, Кавказ, Орталық Еуропа, Батыс Еуропа | |
Барлық сөйлеушілері: | 80-85 млн (ана тілі ретінде) | |
Әлемдегі қатары: | 19 (ана тілі ретінде) | |
Тіл ұясы: | Алтай (даулы) Түркі Батыс түркі Оңтүстік-батыс тобы (оғыз) Батыс оғыз Түрік тілі | |
Жазу әдісі: | Латын әліпбиі (Түрік варианты) | |
Ресми күйі | ||
Ресми күйі бар жері: | Түркия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Кипр, Солтүстік Македония*, Қособа** *Түрік тілінде сөйлейтіндердің саны 20 %-дан асатын аудандарда. **Түрік тілі өңірлік тілдердің біреуі болады. | |
Реттеушісі: | Түрік тілі қоғамы | |
Тіл белгілері | ||
ISO 639-1: | tr | |
ISO 639-2: | tur | |
ISO 639-3: | tur | |
(Шартты белгілерін көру үшін картаны шертіңіз)
| ||
Құлақтандыру: Бұл бетте IPA фонетикалық юникод нышандары болуы мүмкін. |
Түрік тілі Орталық Азияда пайда болған, оның алғашқы жазба ескерткіштері шамамен 7-8 ғасырларда жазылған. Батыста бүгінгі түрік тілінің ізашары — Османлы түрікшесі Османлы империясының кеңеюімен бірге тарап отырды. 1928 жылы Ататүрік реформаларының кезінде Османлы әліпбиі латын әліпбиінің фонетикалық вариантымен алмастырылды. Жазба тілі Стамбул түрікшесі болып белгіленді. Сонымен бірге, жаңадан құрылған Түрік тілі қоғамы тілдегі араб және парсы тілдерінен енген сөздерді түріктің төл сөздерімен немесе түркі түбірлерінен құралған жаңа сөздермен алмастыру науқанын бастады.
Түрік тілінің басты ерекшеліктері — үндестік заңы және агглютинация. Түрік тіліндегі негізгі сөз тәртібі: SOV (яғни, бастауыш — толықтауыш — баяндауыш). Түрік тілінде екінші жақ есімдіктерінің анайы және сыпайы түрлері қолданылады (яғни сен-сіз бойынша айырмашылық). Түрік тілінде грамматикалық тектер жоқ.