From Wikipedia, the free encyclopedia
Grand Theft Auto (қыс. GTA; қаз. Ұлы Авто Ұры) — компьютерлік ойындар топтамасы, Rockstar North (бұрынғы DMA Design) және Rockstar Leeds британ компаниялары жасаған, және Rockstar Games компаниясы шығарған.
Grand Theft Auto | |
---|---|
GTA ойын сериясының логотипі | |
Жанрлар | Action |
Жобалаушы | Rockstar North
Rockstar Leeds |
Таратушы | Rockstar Games |
Жасап шығарушылар | Дэвид Джонс, Дэн Хаузер, Сэм Хаузер |
Платформалар | AmigaOne PlayStation PlayStation 2 PlayStation 3 PlayStation 4 PlayStation 5 PlayStation Portable Nintendo DS Game Boy Color Game Boy Advance Dreamcast Xbox Xbox 360 Xbox One Xbox Series X/S MS-DOS Windows Apple iOS (iPhone, iPad және iPod Touch),Mac OS X Android |
Қозғалтқыштар | RenderWare RAGE Euphoria |
Бірінші ойын | Grand Theft Auto |
Бірінші ойын уақыты | 1997 8 қараша |
Соңғы ойын | Grand Theft Auto V |
Соңғы ойын уақыты | 2013 жыл 17 қыркүйек |
Ойынның жанрлары: шутер, авто-сылтауратқыш, оқиға.
Топтаманың бірінші ойыны 1997 жылы шықты. Қазір оның құрамында сегіз ойын бар. Олар ең белгілі компьютерлік ойындардың бірі.
Топтаманың әр ойыны үлкен қаланың криминалы туралы және олардың негізгі кейіпкерлері (протогонисттер) — криминалдық адамдар. Ойнаушы адам негізгі кейіпкерді басқарып, оны криминалдық дүниеде өсіреді. Алғашында ол қарусыз, ақшасыз болып, елеусіз тапсырмаларды орындайды. Ойын барысында тапсырмалар қиындай бастайды. Ойыннан өту үшін барлық негізгі тапсырмаларды орындау керек. Негізгі тапсырмалардан басқа қосымша тапсырмалар да бар. Олар: таксист, өртсөндіруші, полиция болып істеу, бәйгелерге қатысу және т. б. бар.
Әр GTA ойынның өз сюжеті бар. Әдетте ол негізгі кейіпкерді сатып кетуден басталады. Содан кейін ол қиындықтардан өтіп, соңында шыңына жетеді.
Grand Theft Auto ойындар басқалардан еріктігімен ажыратылады. Ойнаушы адам ойын алаңының әр жеріне өте алады, кез келген көлікті алып айдай алады, кейбір ғимараттарға кіре алады.
GTA III ойыннан бастап ойынның дүниелері толығымен пысықталып, кең көлемде жасалған. Оларда өз радиостанциялары бар, көп әр-түрлі адамдар, көліктер, ғимараттар және тағы басқа виртуалды дүниені толтыратын көптеген элементтері бар.
Grand Theft Auto топтаманы бірнеше канондардарға графикалық қозғауыштар бойынша бөлуге болады.
Топтаманың ең бірінші ойыны. Бұл 1997 жылы PC мен PlayStation Gameboy Color платформаларына шығарылған. Осы ойыннан бастап ойын индустриясы өзгерістерге ұшырады. Ойынды аса жақсы қабылдамады. Себебі: ойын 2D болды, ойынды сақтауға болмады, машина саны көп болмады. Осындай кемшіліктерден ойынды қабыл алмады. Дегенмен GTA 1 - негізгі ойынның бірі. Ол ойын индустриясының дамуына жол ашты. Бұл ойынға қосымша ретінде GTA London 1969 және GTA London 1961 шықты. Өзгешелік онша байқалмады, бірақ машина саны көбейді. Rockstar Games сайтынан GTA 1-ді тегін қотаруға Мұрағатталған 1 қаңтардың 2010 жылы. болады.
Екінші ойын. 1999 PC, PlayStation және Dreamcast-қа шықты. Алдағы ойынмен салыстырғанда жақсартылған жақтар бар: графикалық қозқауыш түзелген, бандыны екшеу мүмкіндігі пайда болды. Ойыншы қай бандыға жұмыс істегісі келсе өз еркінде болды. Бұл ойыннан бастап ойынды сақтауға болатын, бірақ ол 50000 тұрды.
2004 Game Boy Advance платформасына шыққан. Графикасы GTA 1 мен GTA 2-нің графикасына ұқсас болды.Дегенмен алғашқыда GTA 3 пайда болған жұмыстар (такси, өрт сөндіруші, т.б) ойында болды.
Ойын 2001 жылда PlayStation 2-ге және 2002-де PC-ға шықты. Топтамада ол және бұдан кейінгі ойындар 3D-шутер жанрында.
PS2 — 2002, PC — 2003. Ойынның басты кейіпкері Томми Версетти. Ол Вай Сити деген қалада оқиғаларды кешеді.
PS2 — 2004, PC — 2005 GTA San andres ойыны 1992 жылды сипаттайды.Онда басты кейіпкер Карл Джонсон (CJ) болады .Оның достары Райдер,Смоук,Карл деген достары болады.Ал ойынның соңында Райдер және Смоук отбасын сатып қашып кетеді.
PlayStation Portable — 2005
PlayStation Portable — 2006, PlayStation 2 — 2007
2008 жылы сәуірдің 29-да PlayStation 3 және Xbox 360 платформаларына шығып, желтоқсанның 2-де Америкада жеке компьютерлерге арналып шыққан. Нарыққа шыққан ең бірінші күнінде 310 миллион АҚШ доллар пайда алып, Гиннес Рекордтар Кітабына кірді. Ойынның оқиғасы 2008 жылы Либерти Сити қаласын сипаттайды. Ойынның басты кейіпкері - Нико Беллик. Немере ағасы Роман, оны Америкалық Арманға еліктеткісі келген еді. Бірақ Нико келгесін қала жағдайы туралы ұғып алып, Романның мәселесін шешіп бастайды. Ойын процесі жаңа заманға көшті, яғни RAGE(Rockstar Advanced Game Engine) ойын графикалық қозғауыштығы жәнеде Euphoria физикалық қозғауыштығымен құрастырылған.
Қосымша ойындары:
2009 жылы наурыздың 27-де Nintendo DS, PlayStation Portable, iPhone, iPod Touch және iPad платформаларға шыққан.
2013 жылдын 17-ші қыркүйекте PlayStation 3 және Xbox 360 платформаларына шыққан, ал 2014 жылдың 18-ші қарашасында PlayStation 4 және Xbox One-ға шықты, ендігідей 2015 жылдың 27-ші қаңтарында дербес компьютерге шығады деп күтілген еді, бірақ 22-ші наурызға ауыстырып, кейін 14-ші сәуірде шығарды. Ойын оқиғасы 2013 жылы Лос Сантос қаласында өтеді. Ойында бірден үш кейіпкерлер болады: Майкл де Санта(Таунли), Франклин Клинтон жәнеде Тревор Филипс. Бірінші рет ойын топтамасында әлемнің түрлі жануарлары белгіленген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.