Құзғын (лат. Corvus corax)[2] - торғайлар отряды қарға тұқымдасына жататын құс. Торғай тәрізділердің ең ірісі.

Quick Facts Құзғын, Амандық күйі ...
Құзғын
Thumb
Амандық күйі
Thumb
Least Concern (IUCN) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Corvidae
Тегі: Corvus
Түрі: C. corax
Екі-есімді атауы
Corvus corax
Линней, 1758
Thumb
Ареал
Close
Thumb
Corvus corax

Биологиялық сипаты

  • Дене тұрқы 60-65 см, салмағы 0,8-1,5 кг-ға жетеді.[3]
  • Түсі қара болады, бірақ көк не жасыл түсті металл сияқты жылтырап құбылып тұрады.
  • Тұмсығы өте жуан және бөтегесіндегі қауырсындары ұзын, қандауыр пішінді келген.
  • Сирақтары ұзын, аяқтары біркелкі қара түсті, тырнағы өткір.

Таралуы аймағы мен өрісі

Еуразияда, Солтүстік Америкада, Солтүстік және Орталық Африкада сирек таралған. ТМД-да орманды аймақтардың солтүстігінен шөлдала мен таулы жерлерге дейін кездеседі. Өзен жағалауларындағы жарларды, жартастарды, биік ағаштарды мекендейді.
Ұшқан кезде қанаттарын сирек қағады, көбіне қалықтап ұшады. 4000 биіктікке дейін көтеріледі.
Ересектері ұя салған жерінде қыстайды, ал жас құзғындар үлкен топ құрып, қолайлы орындарға көшіп, үнемі қоныс ауыстырып отырады.

Көбеюі

Жұптары тұрақты. Қазақстанның оңтүстік аумағында ақпанның алғашқы жартысында, солтүстік аймағында наурыз айында ұя салады. 4-6-дан жұмыртқалайды, жұмыртқалары көгілдір жасыл, қошқыл секпілді болады. Мекиені жұмыртқасын 19-21 күндей басып, балапан шығарады.

Қоректенуі

Құзғындар жем талғамайды, көбінесе өлексемен қоректенеді. Зиянды кемірушілермен, өлекселермен қоректеніп, табиғатты тазартып пайда келтіреді.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.