Arial (Arial MT атауымен де белгілі) - нео-гротеск санатты, кертпелері жоқ (sans-serif) тұрпатты компьютерлік қаріп. Microsoft Windows, Apple Mac OS X операциялық жүйелерінде және PostScript технологиясы қолданылатын бағдарламалық жасақтамаларда қолданылады.

Thumb

Қаріпті 1982 жылы Робин Николас және Патриция Сандерс басқарған команда Monotype Typography және Type Solution Inc. компаниялары үшін жасап шығарды.

Ариалдың келесі модификациялары бар: Arial Black, Bold, Extra Bold, Condensed, Italic, Light, Medium, Monospaced, Narrow және Rounded.

Тарихы

1982 жылы IBM компаниясы өзінің 2 кеңселік принтер (3800-3 және 4250) модельдерін ұсынды. Келсімшарт бойынша Monotype осы принтерлерге растрлық (нүктелік) қаріптерді жасап шығаруы керек болды.[1][2] 4250 принтеріне Linotype-тен сублицензиямен алынған Helvetica қаріпі енгізілді. Ал 3800-3 принтерінде Helvetica орнына Arial енгізілді. Қаріп кескіні бойынша жұмысты Робин Николас пен Патриция Сандерс басқарған 10 адамнан құралған Monotype компаниясының командасы 1982 жылы аяқтады және сол жылы Monotype қаріпті 240DPI сандық форматына енгізді.

1991 жылы Monotype Arial-дың PostScript Type 1 нұсқасын жасап шығарды.

Алғашқыда Ариал Sonoran Sans Serif деген атаумен белгілі болатын, ал өзінің қазіргі атауына Microsoft Windows ОЖ-нде қолданыла бастаған кезде ие болды

Нұсқалары

2.76 нұсқасында араб және иврит әріптері қосылды.

5.00 нұсқасында Latin-C и Latin D, IPA Extension, кеңейтілген грек, кирилицца мен копт символдарына толықтырулар қосылды.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.