From Wikipedia, the free encyclopedia
Өкпе көпіршіктері (легочные альвеолы); (alveoli pul-monis, лат. alveolus — көпіршік, pulmo — өкпе) — альвеолалық бронхиола, альвеолалық өзектер және альвеолалық қапшықтар қабырғаларындағы тым жұқа қабырғалы ауалы көпіршіктер. Өкпе көпіршіктері қабырғасын бірқабатты жалпақ респираторлы эпителий жасушалары — майда альвеолоциттер (I түрі) құрайды. Олардың аралықтарында өкпе көпіршіктерінің ішкі бетін сылап, жабысудан сақтайтын сурфактант затын бөлетін ірі альвеоциттер (II түрі) орналасады. Сурфактант фосфалипид пен гликопротеидтен тұрады. Өкпе көпіршіктері сыртындағы қан капиллярларымен ағатын қан мен көпіршік қуысындағы ауа аралығында газ алмасу процесі жүреді. Өкпе көпіршіктері қабырғасыңда альвеолалық макрофагоциттер болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.