From Wikipedia, the free encyclopedia
Өзекті жөке немесе Ұсақ жапырақты жөке (лат. Tilia cordata) - құлқайырлар тұқымдасы, жөке туысына жататын ағаш.
Өзекті жөке | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Tilia cordata |
Еуропада, Ресейдің еуропалық бөлігінде таралған. Қазақстанда барлық жерлерде кездеседі.
Құрамында эфир майлары, илік заттар, воск, гесперидин, қант, шырыштар, С дәрумені, каротин бар.
Дәрі жасау үшін жөке ағашының гүлдерін қосымша жапырақшаларымен бірге жинап алады. Гүлдерінен жасалған сулы тұнбалар тер шығарады, дененің қызуын төмендетеді, микробтарды жояды. Халық медицинасында гүлін ревматизмге, жөтелге, іштің түйнеп ауруына да қарсы қолданады. Сонымен қатар жөке ағашы аяқ-қол бұлшық еттерінің тырысуына, бүйрекке тас байлануына, қуықта құм пайда болуына шипа. Дене сыртындағы іріңді жараларды жұмсатру үшін оның бүршіктері мен жапырақтарын пайдаланады.
Жөке ағашы құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланылады. Көркем ағаш ретінде саябақтарда әсемдік үшін өсіріледі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.