From Wikipedia, the free encyclopedia
Аш-Шаһрастани, Әбу-л-Фатх Мұхаммед б. Абд әл-Карим(1075-1153) - шафиишіл діндар және факих,дін мен діни-философиялық жүйелер тарихының беделді білгірі. Шахрастан қаласында (Ирандағы Хорасанның солтүстігінде) туған, ұлты парсы. Аш-Шахрастани дәстүрлі мұсылмандық білім алған. Нишапур мен Гургаңджде хадистерден, фикһ пен қаламның сол кездегі белгілі білімпаздарынан дәріс алған. Ол көп сапар шегіп, Халифаттың әр түрлі өлкелерінен шыққан ғалымдармен жүргізген пікірталастарда басым түсуі арқылы даңққа бөленді. Атақпен бірге оны философтар мен батиншіл-исмаилшылар дәлелдемесіне жақындығы үшін айыптайтын сыншылар да көбейе түсті. Үш жыл бойы Аш-Шахрастани Бағдадтағы белгілі Низамийа медресесінде дәріс оқыды. Ол өзінің туған қаласында қайтыс болған.
Аш-Шахрастанидің діни-саяси көзқарастарын бір мәнді анықтама беруге болмайды. Бір жағынан ол ашаришіл діндар ретінде көрінеді. Ашаришіл қағида жүйелерін терең білетіні оның «Китаб ниһайат әл-икдам фи илм әл-калам» трактатынан анық байқалады. Аш-Шахрастанидің бізге кейбір бөліктері ғана жеткен Мафатих әл-асрар уа масабих әл-абрар деп аталатын Құранға түсініктемесінде, шынында да, исмаилшылдық сипат бар. Оның исмаилшыл көзқарасы 1132 жылдан кейін құрастырылған және Әбу Әли ибн Синаға қарсы бағытталған пікірталас сипатындағы «Китаб әл-Мұсараа» трактатынан анық байқалады. Бұл еңбегінде автор ибн Синаны жетекші философ ретінде мойындай отырып, философиялық пікірталас үшін метафизикалық жеті мәселесін таңдап алады да, ибн Синаның осы мәселелер туралы айтқан пікірлерін жоққа шығаруға тырысады. Ең алдымен, Аш-Шахрастани әр мәселе туралы ибн Синаның тұжырымын келтіреді, оны жоққа шығарады, содан соң бұл мәселе туралы өзінің анықтамасын береді, Аш-Шахрастанидің айтқан ойларының, ол пайдаланған ұғымдар атауларының исмаилшылар ілімінен алынғаны анық байқалып тұрады. Осылайша исмаилшылар идеологиясының кейбір құрамдас бөліктері Аш-Шахрастани дүниетанымында, шынында да, өз көрінісін тапқан. Түпнұсқаларда Аш-Шахрастанидің жоғарыда аталып өткен үш шығармасынан басқа дін іліміне, философияға, дін тарихын қатысты оннан астам еңбектерінің аттары көрсетіледі. Олар:
Аш-Шахрастанидің ең белгілі шығармасы - Китаб әл-милал уа-н-нихал. Еңбек 1127 жылы жазылым кейін Санджардың уәзірі Махмуд б. Музаффар әл-Хорезмиге (1127 - 32) немесе Термездің Әли әулетінен шыққан нақыбы Әли б. Джафар әл-Мұсауиге арналған. Бұл еңбектің кең танымал болғандығы оның пар-сы тіліне бірнеше мәрте аударылғандығынан байқалады. Бізге жеткен аудармаларының ең көне нұсқасы 1440 жылы Ақсақ Темір әулетінен
шыққан билеуші Шахрух үшін жасалынған. Аш-Шахрастанидің бұл трактатының көпшілікке танымал болғанының тағы бір дәлелі - осы шығарманы қолмен көшіріл тарату дәстүрінің берік орныққандығы. Китаб әл-милал уа-н-нихал екі бөлімнен тұрады.
Аш-Шахрастанидің «Китаб әл-милал уа-н-нихалы» мұсылман тарихнамасының озық үлгісі ретінде көптен бері шығыстанушылар назарын өзіне аударып келеді. Бұл шығарма Еуропада, Мысырда, Иранда, Түркияда, Үндістанда бірнеше рет басылып шықты. Парсы, түрік, неміс, ағылшын және орыс (1 бөлімі) тілдеріне аударылды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.