![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bc/St_George%2527s_Cross.svg/langkk-640px-St_George%2527s_Cross.svg.png&w=640&q=50)
Әулие Георгий Кресті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әулие Георгий Кресті (немесе Әулие Джордж Кресті, Әулие Георг Кресті) — ақ фонда тік орналасқан қызыл крест. Кресттің ортасы ақ фонның ортасымен сәйкес келеді. Бұл крест христиандық әулие адамның және Әулие Георгийдің символы болып табылады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bc/St_George%27s_Cross.svg/320px-St_George%27s_Cross.svg.png)
303 жылы қайтыс болған Георгийдің кресті крест жорықтарында қолданылған және сол кездегі рыцарьлардың сүйікті символы болған.[1][2] Әулие Георгий Кресті әлемнің кейбір елдері мен қалаларының тулары мен елтаңбаларында бейнеленген. Мысалы, Англия, Грузия, Грекия сияқты мемлекеттердің, Лондон, Генуя, Барселона сияқты қалалардың туларында бейнеленген.