Әтір
хош иісті сұйық зат. Әтір шығару үшін 300-ден астам табиғи немесе жасанды заттардан алынатын хош иісті күрделі эфир және жоғары сапалы этил спирті қолданылады From Wikipedia, the free encyclopedia
хош иісті сұйық зат. Әтір шығару үшін 300-ден астам табиғи немесе жасанды заттардан алынатын хош иісті күрделі эфир және жоғары сапалы этил спирті қолданылады From Wikipedia, the free encyclopedia
Әтір — хош иісті сұйық зат. Әтір шығару үшін 300-ден астам табиғи немесе жасанды заттардан алынатын хош иісті күрделі эфир және жоғары сапалы этил спирті қолданылады.
Өсімдік гүлдерінен (мыс., раушан гүлділерден), түрлі ағаштардың дәндері мен жапырақтарынан (мыс., күнзеден, анистен, сандалдан т.б.) алынатын эфир майы хош иісті заттар мен тұнба ретінде, ал жануарлардан, мыс., кашалоттың майынан алынған балауыз (амбра), жылан, қолтырауын, кәмшат, жұпар тышқанның тері безінен алынған мускус тек тұнба ретінде ғана пайдаланылады. Әтірдің бір ғана түрін жасауға 15-тен 60-қа дейін хош иісті зат керек. Әтірге белгілі бір түс беру үшін арнаулы бояу қосылады. Әтір құндылығы мен сортына байланысты бірнеше сағаттан 1 жылға дейін жабық ыдыста сақталып, бабына жеткізіледі. Дайын әтір вакуум-машина арқылы арнаулы құтыға құйылып, тығындалады. Сапалы әтірдің хош иісі мақта-матадан жасалған бұйымда 30 сағатқа дейін сақталады. Құтыдағы әтірдің сақталу мерзімі 1-1,5 жылға жетеді. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.