![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/56/Collective_Security_Treaty_Organization_orthographic_projection.svg/langkk-640px-Collective_Security_Treaty_Organization_orthographic_projection.svg.png&w=640&q=50)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы
халықаралық ұйым / From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ҰҚШҰ (орыс. Организация Договора о коллективной безопасности, ОДКБ) — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен құрылды.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы | |
ҰҚШҰ | |
![]() Эмблемасы | |
ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері | |
Мүшелік: | |
---|---|
Бірлескен штаб-пәтері: | |
Ұйым түрі: |
аймақтық халықаралық ұйым |
Ресми тілі: | |
Басшылары | |
Бас хатшысы | |
Бірлескен штабтың бастығы | |
Кеңес төрағасы | |
Құрылуы | |
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қою | |
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың күшіне енуі | |
ҰҚШҰ құру туралы шартқа қол қою | |
ҰҚШҰ құру туралы шарттың күшіне енуі | |
odkb-csto.org | |
![]() |
Кейіннен ҰҚК ұйымына Әзірбайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Келісім 1994 жылы 20 сәуірде ратификация процесі аяқталғаннан кейін, 5 жыл мерзімге күшіне енді. Келісімді тағы 5 жылға ұзарту жөніндегі Хаттамаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан президенттері 1999 жылы 2 сәуірде қол қойды.
Бұл Хаттамамен Келісімнің мерзімін өздігінен 5 жыл өткен сайын ұзартып отыру қарастырылған. Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан Келісімнің мерзімін ұзартпады.
Мүше-мемлекеттердің қызметіндегі басым бағыттар: жаңа трансұлттық айбаттар мен қауіптерге қарсы тұру; орын алып отырған немесе ықтимал аймақтық немесе шағын қақтығыстардың алдын алу, шешімін табу; халықаралық лаңкестікпен, агрессивті экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, жаппай қырып-жою қаруын таратумен күрес.
2002 жылы ҰҚК Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Ұйымына өзгерді.[1]