From Wikipedia, the free encyclopedia
Үрмелі музыка аспаптары - дыбысы үрлеу арқылы шығарылатын музыкалық аспаптар.
Үрмелі музыкалық аспаптарының көне түрлері ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасалған. Олардың жетілдірілген түрлері үрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінде, кейбір түрлері симфониялық және халық аспаптар оркестрінде қолданылады. Қазақ халқында үрмелі музыкалық аспаптарының түрлері (сыбызғы, Сазсырнай, үскірік, тастауық, бұғышақ камыс сырнай, мүйіз сырнай, керней) көп болған.[1]
Олар қазіргі “Отырар сазы” оркестрінде, т.б. музыкалық ұжымдарда кеңінен қолданылады.
Негізінен ағаштан (гобой,кларнет, флейта, т.б.) жасалған үрлемелі музыкалық аспаптар болып бөлінеді.
Негізінен жезден (валторна, тромбон, труба, т.б.) жасалған үрлемелі музыкалық аспаптар болып бөлінеді. Олардың жетілдірілген түрлері (труба, тромбон, кларнет, саксофон, т.б.) үрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінде, кейбір түрлері симфониялық және халық аспаптар оркестрінде қолданылады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.