Үлкен қосаяқ
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкен қосаяқ (лат. Allactaga major) – қосаяқтар тұқымдасына жататын кеміргіш.
Үлкен қосаяқ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Allactaga major (Kerr, 1792) |
Үлкен қосаяқ Қазақстанның барлық жерінде мекендейді, тек таулы жерлер мен құмды шөлейтті жазықтарда сирек болады. Үлкен қосаяқ Шығыс Қазақстанда далалы жерлерде және өзен аңғарларында, жол бойында, жайылымды жерлерде кездеседі. Дене тұрқы 20 см, салмағы 400 гр. Үлкен қосаяқ жалғыз ауызды інін тұрақ етеді, оның ұзындығы 4 м, тереңдігі 2,5 м дейін барады. Үлкен қосаяқтар қыста ұйқыға кетеді және жер бетіне наурыздың басында шығады. Олардың ұйығу мерзімі созыңқы және бірнеше айға дейін жетуі мүмкін. Үлкен қосаяқ қоректенуге ымырт түскенде шығады, олар түнде өсімдіктердің тамырларымен, дәнімен, құрт-құмырсқамен, кейде тіпті бақшадағы екпе дәнді дақылдармен де қоректенеді. Үлкен қосаяқтар нағыз желаяқтар және жүгіргенде сағатына 50 шақырымды көрсете алады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.