From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкен сүйелшөп - (лат. Chelidónium majus) - көкнәрлер тұқымдасына жататын улы көпжылдық шөптесін өсімдік.
Латынша атауын екі сөзден құраған: грек сөзі "χηλιδων" — қарлығаш, лат. major, majus —үлкен. Ертеден келе жатқан аңыздарда қарлығаш өзінің көзі көрмей қалған балапандарын сүйелшөптің нәрсуымен емдейді депті.
Ал қазақша "сүйелшөп" деп аталғаны - ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдалғадықтан.
Өсімдіктің сабағының ұзындығы 50-100см. Сабағын сындырған кезде - сүтті шырынға толы секреторлық каналдары табылады. Шырыны ауада қызғылт түске айалады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, 3-5 дөңгелекше бөлшектен тұрады. Гүлдерінің төрт желекті күлтесі болады. Түсі алтын-сары, кәдімгі шатыр гүлшоғырына жиналған. Мамырдан тамыз айына дейін гүлдейді. Жемісі – қауашақ, дәні ұсақ, қара түсті.
Өсімдік улы. Құрамыда изохинолин алколоидтарды, бензофенантридин туындыларды: гомохелидонин, хелеритрин, хелидонин, сангвинарин, протопин т.б. 20-дан астам алкалоид бар. Хелидонин - папаверин мен морфинға құрамы ұқсас алколоид. Гомохелидонин - күші көп у. Аз мөлшерде эфир майлары да табылған. Аскорбин қышқылы (1000 мг-ға дейін) , каротин, флавоноидтар, сапониндар, органикалық қышқылдар болады.
Бұл өсімдік көбінесе көлеңкелі тау беткейлерінің бұталары арасында, орман алаңдарында, көл, өзен жағалауларында кездеседі. Республикамыздың оңтүстік облыстарында ескі мал қораларының, тұрғын үй маңында, бау – бақшалар арасында арам шөп ретінде өсе береді. Жалпы халық арасында сүйел шөп дәрілік өсімдік ретінде ерте заманнан қолданылып келген. Оның жапырақтары мен сабағының бойындағы сары түсті сүттіген шырыны улы болады. Бірақ мал сүйел шөптен өте сирек уланады. Өйткені мал ащы дәмі, жағымсыз иісі болғандықтан сүйел шөпті жемейді.
Еуропа елдеріде және Жерорта теңізінің елдерінде арамшөп ретінде кең таралған. Америкаға 1672 жылы колонизаторлармен сүйел емдеу үшін алып барылған.
Дәрілік шикізат ретінде өсімдік гүлдей бастағанда оның жер бетіндегі бөлігі жиналып алынады. Аса құрғатпай, көлеңкеде кептіріледі. Дәрілік шикізатты жинау барысында оның жапырақтарын қуратып алмау қажет. Себебі шипалық заттың көбісі осы жапырақтарында болады. Сүйел шөптің тұқымында 40 – 60 пайызға дейін май бар.
Мал дәрігерлігі практикасында сүйел шөптің судағы тұнбасы қойдың қотырын, ірі қара мен жылқының қышымасын емдеу үшін қолданылады. Ол үшін тұнба 1:10 қатынаста жасалды, яғни жарты килограмм шөп ұнтағы қайнаған 5 литр суға салынып, 20 – 25 минут тұндырылады. Ертінді 30 – 35 градустық жылылыққа дейін салқындатылып, малдың қотыры, қышымасы жуылады. Сүйел шөптің тұнбасыме ірі қараның туберкулезін, сонда – ақ қойдың, ірі қараның гельминтоз ауруларын емдеуге болады. Ол үшін тұнба 1:20 қатынаста, яғни 100 грамм майдаланған құрғақ дәрілік шикізат қайнап тұрған 2 литр суға салынып, 10 – 20 минут тұндырылады. Тұнба ірі қараға 200 – 250 мл, бұзауға – 50 , қойға – 30- 50 мл, қозыға - 10-15 мл мөлшерінде күніне 2 – 3 рет ішкізіледі.
Халық емшілері сүйелшөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын және сары ауруды емдеп келген.
Дербес шаруашылығында малы бар кісілерге, малшыларға, мал дәрігерлері мен фельдшерлерге ескертетін бір жайт – сүйел шөптің қайнатпасы, тұнбасы улық қасиетін жоймайды. Сондықтан онымен емдеу барысында сақтық шараларын естен шығармау керек. Дәлірек айтқанда емдейтін адамның үстінде – халаты, қолында – резеңке қолбағы, аяғында – етігі, көзінде – көзілдірігі болуы қажет. Екіншіден, малға дәрілік шөптің берілу мөлшері оның тірілей салмағына, қоңдылығына, жынысына қарай есептелінуі қажет. Егер дәрі аз берілсе, шипалық қасиеті нашар болады, ал көп берілсе – мал уланады. Сондықтан, дәрілік тұнбаның әр малға берілу мөлшерін дұрыс анықтау – басты міндет.
Емдеу жұмысы аяқталған соң малдың жалпы күйін 10 – 12 сағаттай бақылау қажет. Егер мал уланса дереу сүт, су ішкізіп, асқазанын шаю қажет. [1] [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.