Құтандар (лат. Ardeidae) – Ескекаяқты құстар отрядының бір тұқымдасы.
- Ежелгі түрлері — олигоцен дәуірінен, ал осы күнгілері — орта миоценнен белгілі. Дүние жүзінде (Антарктидадан басқа) барлық материкте таралған, 32 туысы, 66 түрі бар.
- Қазақстанда 7 туысқа бірігетін 9 түрі кездеседі. Құтандардың тұмсығы ұзын, ұшы сүйірленіп келеді. Тұмсығының жиектерінде ұсақ “тісшелері” болады, сол арқылы су түбіндегі ұсақ омыртқасыздарды сүзіп алып қоректенеді. Құйымшақ бездері (қауырсындарын судан қорғайды), ұсақ мамықтары және кеуде-арқа тұсында өте майда мамықты қауырсындары болады.
- Топтанып тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Еділ мен Жайық өзендерінің бойында, Маңғыстау өңірінің сулы-батпақты жерлерінде кіші аққұтан (Egretta garzetta) мен сары Құтан (А. ralloіdes) кеңінен таралған. Бұлардың қанаттарының ұзындығы 23 — 30 см, салм. 345 — 500 г-дай. Кіші аққұтанның түсі ақ, ал сары Құтанның басы мен мойны сары, бауыры ақ түсті, басында ұзын қауырсындардан тұратын айдаршасы болады.
- Құтан — жыл құсы. Наурыздың аяғында ұшып келіп, ұяларына 4 — 6 жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп 20 — 22 күндей басады.
- Сары Құтанның бір ерекшелігі — ұясына адамдардың келгенін көрсе, ұясын тастап басқа жерге ұшып кетеді. Ұсақ балық шабақтарымен, ұлулармен, су жәндіктері және ұсақ кемірушілермен қоректенеді. Соңғы мәлімет бойынша кіші аққұтанның саны 500, ал сары Құтан 1 мыңға жуық (2003). Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал Құтанның Корея мен Қытайда ғана кездесетін, тіршілігі әлі толық зерттелмеген — сарытұмсық Құтан — Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1][2]
Ұялары
Құтандар | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Egretta thula
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Туыстары | ||||||||||||||||
17 | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Cochlearidae |
Құтандар үлкен топтармен өмір сүреді. Алайда кейбіреулері жалғыз тұрғанды да қалаулары мүмкін. Бір топ бірнеше жұптан немесе мыңға жуық құстан тұрады. Олар бұтақтар мен таяқшалардан ағаштардың, шатырлардың, мұнара-лардың және түтіндіктердің үстіне үлкен ұялар салады. Олардың ұясының неғұрлым үлкен болғаны олар үшін соғұрлым жақсы. Себебі биік ұядан айналасын жақсы көруге мүмкіндік болады. Сонымен қатар, кейбір құтандар жартастардың жанындағы қуыстарда да өмір сүреді.
Құтандардың қорегі
Құтандар – етқоректі құстар. Әдетте, олар су бетімен ұшып, балық, бақа, шаян, су жәндігі және жылан секілді қорек тауып алады. Кейбір түрлері өлекселермен де қоректенеді.
Түрлері
Құтандар құтан тұқымдасына жатады, сонымен қатар бұл топқа ашықауыз құтандар мен ябирулар да кіреді. Құтандар Антарктидадан басқа әлемнің барлық аймақтарында кездеседі. Әсіресе, әлемнің тропиктік аймақтарында көп болады. Құтандардың 18 түрі белгілі, олар – сұр құтан, Африка құтаны, үнді құтаны, Америка құтаны, үнді ашықауыз құтаны, ақбауыр құтан, түкті мойынды құтан, ақ мойынды құтан, Африка ашықауыз құтаны, магуари құтаны, азиаттық құтан, ақ құтан, қара құтан, қара тұмсықты құтан, көкқұтан, ябиру, ява марабуы, үлкен үнді марабуы және африкалық марабу.
Дереккөздер
- «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ardeidae |
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.