Қырыққұлақтәрізділер немесе қырыққұлақ (лат. Polypodіophyta) — жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер. Палеозой эрасында өскен риниофиттерден дамыған.

Quick Facts Қырыққұлақтәрізділер, Ғылыми топтастыруы ...
Қырыққұлақтәрізділер
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қырыққұлақтәрізділер (Polypodіophyta)
Close

Таралуы

Қырыққұлақтардың басым көпшілігі ылғады және қараңғы жерлерде өседі. Кейбір түрлері құрғақ жерлерде, жартастарда, тау баурайларында өседі. Эпифиттерге жататын қырыққұлақтар ағаштарда өседі.

Түрлері

Дүние жүзіне кең тараған 3 класы, 300-дей туысы, 12 мыңдай түрі бар. 4 класының (''Aneurophytopsіda'', ''Archaeopterіdopsіda'', ''Cladoxylopsіda'', ''Zygopterіdopsіda'') қазба қалдықтары табылған. Қырыққұлақтәрізділердің арасындағы ксерофиттің суда өсетін де түрлері бар. Тропикте эпифит түрлері көп кездеседі.

Ботаникалық сипаты

Қырыққұлақ көркем жапырақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның таулы аймақтарында кездеседі. Жер шарында он бір мыңға жуық түрі табиғатта, көгалдандыруда және бөлме гүлі ретінде үйде өсіріледі. Күтімді көп қажет етпейді, кез келген жағдайда жақсы өседі. Табиғаттағы қырыққұлаққа қарағанда үй жағдайында өсірілетіндерінің жапырақтары әдемі болып келеді. Жапырақтары ұсақ, жіңішке, жиегі ирек, жылтыр түрлері де бар. Қырыққұлақ – өсімдіктер әлеміндегі бірден-бір гүлдемейтін өсімдік. жапырақ астындағы споралары арқылы көбейеді. Үй жағдайында жеңіл өсірілетін қырыққұлақтардың бірі – нефролепис [1].

  • Сабағының биіктігі әр түрлі (бірнеше мм-ден 25-30 м-ге дейін жетеді). Олар жер бетінде тік не шырмауық түрінде өседі.
  • Жапырағы (вайя деп аталады) жас кезінде ұлу тәрізді оратылып жатады, өсе келе көп тілімді, саусақ салалы, кейде тұтасып кетеді, ал оның ұзындығы 2-4 мм-ден 30 м-ге ( Lygodium artucatum түрінде) дейін жетеді.
  • Жапырақтарында, негізінен, фотосинтез процесі жүреді және споралар жетіледі. Онда дамитын спорадан гаплоидты ұрпағы - қос жынысты гаметофит дамиды. Оның пішіені жіңішке, жасыл түсті табақша тәрізді, ені 5 мм-дей. Жапырағының төменгі жағында жыныстық органдары (антеридий - аталық, архегоний - аналық) жетіледі. Ұрықтанғаннан кейін қайтадан жыныссыз ұрпақ дамиды.

Қолданысы

Қырыққұлақтәрізділердің көпшілік түрінің жапырағын тағам ретінде пайдаланады. Кейбір түрінен дәрі алынады (усасыр қырыққұлақ (Dryopterіs)), көпшілігін әсемдік үшін өсіреді.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.