From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырлышөп (лат. Polygonatum) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қырлышөп | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Polygonatum multiflorum
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
74 түрі белгілі |
Сабағы биік, шалғынды тау бөктерлері мен далаларда, ормандарда және бұта араларында өсетін 4 түрі бар. Тамырлары жуан. Сабақтары доға тәрізді иіліп келген, кейде тік өседі. Биіктігі 30 — 100 см. Жапырақтары топтаса немесе кезектесе орналасады. Гүлдері түтік тәрізді 1 — 4-тен жапырақ қынабынан жетіледі, қос жынысты, ақшыл — жасыл кейде күлгіндеу түсті келеді. Түзу әрі қысқа немесе аздап ұшы майысқан 6 тісшелері болады. Аталықтары 6, гүл серігінің түтігіне жабысып, одан көрінбейді. Гүл аналығы ұзын жіңішке аналық мойнынан және 3 қалақты аналық аузынан, 3 ұялы жатынынан тұрады. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жеміс — жидек, 1 — 9 тұқымдары бар. қырлышөп — әсемдік үшін де өсіріледі.
[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.