From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызылқұлақ, Физалис немесе Қытай шамы (лат. Physalis alkekengi) — алқалар тұқымдас өсімдіктердің ішіндегі ең ірі бөлімі. Физалис сәндік өсімдіктер ретінде қолданады.
Қызылқұлақ | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
лат. Physalis alkekengi
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Physalis alkekengi L. |
Қызылқұлақ - бойы 40-60 см, кейде одан да биік көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтарының ұзындығы 6-12 см, ені 4-9 см. Гүлдері ақ, бесмүшелі. Күлтесі 10-15 мм диаметрінде.
Өсімдіктің ерекшелігі - өзгешеленген жеміс. Гүлдеп болғаннан кейін тостағаншасы өсіп, қызарып үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай жарқын-қызыл қорапшаға айналады. Қытайдың дәстүрлі қағаз шамдарына ұқсайды. Физалистер - жылусүйгіш өсімдіктер.
Физалистың отаны - Орта Америка мен Солтүстік Американың оңтүстік-батысы. Осы жерден теңізшілермен Оңтүстік Еуропаға алып келінген. Еуропадан Қытай мен Жапонға жеткен.
Оңтүстік аймақтарда физалистің жемісін азық ретінде қолданады. Медицинада физалисті қабынуға қарсы ем ретінде, қан тоқтатқыш, зәр айдағыш, өт айдағыш дәрі ретінде пайдаланады. Физалистің құрамына сүттік қант кіреді. Шамадан артық мидың және дененің жұмысында, немесе ұзақ аурудаң кейінгі адамдарға өсімдік регенерациялық және қалпына келтіру мақсатында қолданылады. Қоңыржай климатта жемістері толық пісіп үлгермейді, бұл жағдайда олар улы болады. Сол себепті өсімдік тек сәндік декор ретінде қолданады[1].
«Гүлі» | «Жемісі» | «Қызарған кезі» |
«Кеуіп қалған кезі» | «Жемісі» | «Жапырағы» |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.